28
апрель
2020
Мирашев Кайырғалы Байғалиұлы
6. Қайрғалиева Еркежан Талғатқызы, Қайрғали Алемжан. Семей қаласы, №37 гимназия 3 "Ә" сынып оқушысы және 9 "А" сынып оқушысы. Немерелері Менің атам Мирашев Кайырғалы Байғалиұлы, 1926жылы Сәуір айының 22-сінде Семей облысы, Басқарағай ауданы, Есембай ауылында дуниеге келген. 1943жылы өз еркімен әскерге аттанды. Соғыс уақытында Польша, Белорусия, Берлинде болып, Отан соғысының жеңісін Берлинде қарсалып, 1950 жылы майданнан туған жеріне оралды. Соғыстан оралғанда, екінші дәрежелі Отан соғысы орденімен, Берлинді алған үшін медалі, ерлік үшін медалі, Совет Одағының маршал мғдалі, Жуков медалі т.б медальдармен марапатталды. Орта мектеп білімін бітіріп, есепші мамандығын меңгеріп, көп жылдары Шұбартау, Бесқкрағай, Семей өңірлерінде еңбек етті. 1954 жылы апамыз Мүгілсім Алтынсарықызы екеуі отау құрып, дүниеге 10 бала акеліп, балалары әр салада еңбек етіп жүр. 2005 жылы дүниеден өтті. 31 немере, 36 шөбере артынан ұрпақ қалдырды. Мен өз атамды мақтан тұтамын, әрқашан үлгі тұтып жүремін, атама жане апама алғысым шексіз, осындай өмір сыйлағандарына.