Сағындықов Сүлеймен Сағындықұлы
43. Абылаева Дана. Семей қаласы, №37 гимназия 9 "А" сынып оқушысы.
Сағындықов Сүлеймен Сағындықұлы (1923-1985жж) Сағындықов Сүлеймен 1923 жылы Бесқарағай ауданы, Қоянбай ауылында туды. 1941 жылы соғыс басталып, ел басына ауыр к.н тіған сол кезде ол небәрі 18 жастағы балаң жігіт еді. 256-шы Қызыл Тулы Нарва атқыштар дивизиясының. 321-ші танк жоятын атқыштар дивизиясының зеңбірек көздеушісі болды. Сол кезде осы дивизия Нарва мен Таллинді қосатын темір жол участогые ұстап тұрды. Фашистер осы темір жолды жаулап алмақшы болды. 1943 жылдың шілде-қыркүйек айларында осы дивизияны Волхоз майданының Ленинград маңындағы Синявино, Ворошилово ауданында болды. Ленинградты қоршаудан босатқан кейің, осы дивизия прибалтикаға қарай қозғалды. 1944 жылы ақпанда Нарва қаласын фашистік басқыншылардан азат еткені үшін осы дивизияға «Нарвалық» деген атақ берілді. Осы Ұлы Отан соғысында менің атам Сағындықов Сүлеймен III-дәрежелі Даңк орденімен, Қызыл Жұлдыз орденімен және одан бұрын соғыста көрсеткен ерлігі, өнегесі үшін медальдармен марапатталған. Соғыс аяқталған соң елге аман-есен оралып, еңбекке аралсып, шаруашылықтын әр саласында қызмет атқарып, 1985 жылы қайтыс болды. Біз артында қалған немере, шөберелері атамыздың осындай ерліктерін еске алып, мақтан тұтамыз. Жыл сайын Жеңіс күні атамызды еске алып, дұға жасаймыз. Атамыздың осындай ерліктері мәңгі есімізде сақталады. Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды.