20
декабрь
2022
«Ыбырай Алтынсарин атындағы 37 гимназиясы» КММ-нің Академик Қанипа Бітібаева атындағы атаулы зертханасының 10 ЖЫЛДЫҒЫ қарсаңында
қаладағы орыс-қазақ мектептерінің ұстаздары мен оқушыларын зертхана алаңына шақырып, ашық сабақ, сыныптан тыс жұмыс, конференция, пікірсайыс т.б. жоспарлаған іс-шараларды өткізуді бастады.
♦Мақсатымыз:
ХАН АПАНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ мен ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАСЫН НАСИХАТТАП, ҰСТАЗДАРМЕН ІС-ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ
♦Сәттілік тілеп қойыңыздар!
2022 жылдың 20 желтоқсан күні Абай облысы білім басқармасы Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ-нің Академик Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева атындағы атаулы зертханалық кабинеттің 2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес тәжірибе алмасу мақсатында Қ.О.Бітібаеваның «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясы бойынша “№16 Т.Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп” КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Оспанова Ляйля Тоқабайқызы 9-сынып оқушыларына Нысанбай жырау. ”Кенесары-Наурызбай“ дастаны тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Зертхана жетекшісі Қ.Қ.Жакенова, Г.А.Досжанова және шығармашылық топ мүшелері өткізілген сабақты талдап, өз ойларымен бөлісті. Сабақ жоғары деңгейде өтті. «Қанипа әлемі» үйірмесі мүшелері оқушыларға зертхана алаңында атқарылған жұмыстар мен мектеп өмірінен таныстырылым жасады.