25
март
2022
ТАБЫСТЫ МЕКТЕП ЖОЛЫНДА: ІЗДЕНІС ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕ "Ұстаздықтың сөнбес жарық жұлдызы" Академик Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева атындағы атаулы зертхана
“Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназия” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ШҚО мектеп директорларының қатысуымен "ТАБЫСТЫ МЕКТЕП ЖОЛЫНДА: ІЗДЕНІС ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕ" атты семинар өтті. Академик Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева атындағы атаулы зертхана жетекшісі Жакенова Құралай Құралтайқызы мен "Қанипа әлемі" үйірме мүшелері "Ұстаздықтың сөнбес жарық жұлдызы" тақырыбында Қ.О.Бітібаеваның көп жылғы жинақталған іс-тәжірибесімен бөлісті. Ғылыми еңбектерін, жаңа инновациялық технологияларын сабақ үдерісінде кеңінен пайдалану жайлы айтылып өтті.
Ізденіс – шеберлік шыңына жетелейді – деп, Қ.О.Бітібаева айтқандай, зертхана жұмысы тек гимназия ішінде ғана емес, білім беру үдерісінде, қоғамдық орындармен, қалалық, облыстық білім бөлімі, Шығыс өңірлік орталығы, облыстық зертханалармен бірлесе атқарған жұмыстарымызбен көрінеді.