03
февраль
2020
Қорытынды аттестаттауға дайындық жұмыстарын ұйымдастыру семинары






Жаңартылған білім беру мазмұнының бағдарламасы бойынша 9 – сыныптардың қорытынды аттестаттауын ұйымдастыру және өткізу, бағалау бойынша пән мұғалімдерімен семинар өткізілді. Семинарда жаңа ережемен, 2019 жыл 26 қарашадағы № 509 бұйрықпен таныстырылды. Қорытынды аттестаттау жоспарына өзгерістер енгізіліп, алдағы жұмыс жоспары талқыланды. Сонымен қатар семинарда оқушыларды қорытынды аттестаттауға дайындалуына бағыт-бағдар беру мәселесі де қаралды. Пән мұғалімдеріне оқушыларды қорытынды аттестаттаудағы өзгерістермен таныстыру және оқушылардың дайындықтары жөнінде ақпарат бере отырып, алдағы уақытта әкімшілік тарапынан бақылау сынақтары алынатыны айтылды.