15
декабрь
2024
Ел Тәуелсіздігінің 33 жылдығына орай, академик Қ.О.Бітібаева атындағы атаулы зертхананың жетекшілері, “Қанипа әлемі” үйірме мүшелерінің ұйымдастыруымен гимназия кітапханасында “Тәуелсіздік-елімнің еркін жолы” атты мерекелік іс-шара өтті.
Оқушыларымыз
әнұранды орындап, желтоқсан оқиғасы құрбандарын үнсіздікпен еске алды, бейнеролик көрсетілді. ”Қанипа әлемі” үйірмесінің мүшелері, сондай-ақ биыл “Қанипа әлеміне” қабылданған 5-сынып оқушылары, біздің “Жас сарбаздарымыз” өздерінің ән-жырларын арнады.
Іс-шараға қатысқан директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сара Сырымқызы, әскери маман Бейбіт Құсайынұлы, Шолпан Махмұтқызы, Оралбүбі Мамиқызына құрметпен сөз берілді. Ұстаздарымыз жас ұрпақты мерекемен құттықтай отырып, Ел Тәуелсіздігі жолында құрбан болған ата-бабаның аманат еткен асыл мұрасын сақтауға шақырды.
Сөз соңында зертхана жетекшісі Құралай Құралтайқызы қатысушылар мен іс-шараны жүргізген 11-сынып оқушылары Құсайынова Айым, Серікқалиева Әйгерімге алғысын айта отырып, Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары болсын деген ізгі-ниетімен аяқтады.
ссылка 1әнұранды орындап, желтоқсан оқиғасы құрбандарын үнсіздікпен еске алды, бейнеролик көрсетілді. ”Қанипа әлемі” үйірмесінің мүшелері, сондай-ақ биыл “Қанипа әлеміне” қабылданған 5-сынып оқушылары, біздің “Жас сарбаздарымыз” өздерінің ән-жырларын арнады.