07
ноябрь
2022
#37гимназияға30жыл
3 қараша күні Абай облысы Семей қаласының Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясының 30 жылдық мерей тойын атап өттік. Жоспарға сәйкес гимназия ұстаздары Ардақ Сабырханқызы және Шұға Тоқтарханқызының ұйымдастыруымен "Уақыт капсуласы" тақырыбында коучинг өткізілді. Қатысқан 1997-2001 жылдар аралығындағы гимназия түлектері мен бүгінде жан- жақта қызмет жасап жүрген гимназияның бұрынғы ұстаздары өте белсенділік көрсетті. Ұсынылған тақырыпта ой бөлісіп, естеліктермен бөлісті. Әр қатысушы гимназияның бүгінгі тыныс-тіршілігі туралы хабардар болып, білім ордасының шығармашылық жұмыстары мен мен кәсіби жетістіктері туралы үнемі мақтанышпен қабылдап, тілекші болып жүргендіктеріне тоқталды.







