16
ноябрь
2022
Қазақстан Республикасының оқу-ағату министрі Аймағамбетов Асхат Қанатұлы
гимназиямыздың "Ыбырай Алтынсарин атындағы конференция" залында қала мектептерінің директорларымен "Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрінің халыққа есеп беру" кездесуін өткізді. Кездесу барысында директорлармен сұхбат жүргізіп, оқу-ағарту саласындағы жаңалықтарды ортаға салды. Кездесу аяқталған соң гимназияның ішкі тынысымен танысты. Мектеп Парламенті Президенті болған 11-сынып оқушысы Черубаева Анияға сауалдар қойып, жастардың талабын қолдайтынын білдірді. 30 жылдық тарихы бар тағылымы мол білім ордасына жаңа серпін беріп, ұстаздар мен оқушыларға зор сенімін білдірді.
ссылка2

