17
март
2023
«Күй күмбірі» республикалық домбырашылар челленджі
2023 жылғы 17 наурыз күні «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37гимназиясы» КММ-де ұстаздар, ата-аналар және оқушылардан құралған домбыра оркестрі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен сағат 12.00 – де Наурыз мерекесіне арналған «Күй күмбірі» республикалық домбырашылар челленджін өткізді. Домбырашылар челленджі білім алушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін, эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, елдің мәдени мұрасын сақтау, балалардың домбырада орындау өнерін насихаттау мақсатында өткізілді. Қазақ халқының музыкалық мәдениетіне білім алушылардың қызығушылықтарын ояту, орындаушылық дағдыларын қалыптастыру, қазақ халық аспаптарының тембрлі дыбысталуы туралы білімдерін кеңейту, домбырада музыка орындаудың ұжымдық түрлерін жетілдіруді басты міндет етті. Сонымен қатар домбырашылар ЧЕЛЛЕНДЖІ – балалар мен жастардың, педагогтер мен ата-аналардың музыкалық өнер саласындағы шығармашылық жетістіктерін көрсету және домбыраны танымал етеді. Челленджде Құрманғазының «Балбырауын» күйі тартылды. «Балбырауын» - Құрманғазының қазақ халқының қонақжайлылығына риза болып шығарған күйі.
#домбырашыларчелленджі
#домбырашыларчелленджі





