17
апрель
2023
«Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ-нің кәсіптік бағдар беру маманы бірлескен қызмет негізінде «Көлік колледжі» ҚМҚК-нің ашық есік күніне 9 сынып оқушыларын экскурсияға апарды.
Экскурсия барысында оқушыларымызға колледждің студенттеріне арнайы жабдықталған аудиторияларды, зертханаларды таныстырды. Мақсаты - 9 сынып оқушыларына колледждің бағдарламасымен таныстыру, талаптары және мамандықтары жайлы ақпарат беру. 9 сынып оқушыларының назарына: Көлік колледжінің сайтына кіріп, заманауи мамандықтарымен танысыңыздар!
Колледждің ерекшелігі: Көлік колледжі су көлігі мамандарын даярлайтын Қазақстанда жалғыз мемлекеттік білім ордасы.
Колледждің ерекшелігі: Көлік колледжі су көлігі мамандарын даярлайтын Қазақстанда жалғыз мемлекеттік білім ордасы.
