21
сентябрь
2023
Қыркүйектің 20-сы күні 7 "Ә" сыныбында ата-аналар жиналысы болды.
Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселенің бірі-оқу жылындағы ерекшелік, 7-сыныптан бейіналды сыныптардың ашылуы және химия-биология бағытындағы сыныптың оқу бағдарламасындағы ерекшеліктер туралы гимназия директоры Малгаждарова Жанат Зейнелевна мен оқу ісі жөніндегі орынбасары Садуакасова Гульназ Кажыгалиевна толық ақпарат беріп, ата-аналарды ойландырған сұрақтарға жауап берді. "Ата-ананың міндеттері мен гимназияның ішкі тәртіп ережесі" туралы ата-ана Қаламқас Джантемірқызының дәрісінен кейін, "Жұлдызыңды жарқырат" тренингі арқылы сынып жетекшісі Нургамысова Шолпан Махмутовна "Әр бала жарық жұлдыз, жарқырауына жәрдем ет" деген Жүсіп Басағұнның сөзін тілге тиек етіп, ата-аналардың бала тәрбиелеудегі міндеттері туралы сұхбаттары тыңдалды. Оқушылардың таңдауларын 7-сыныптан жүргізіп жатқанға ата-аналар да ризашылығын білдірді.
20.09.2023ж 7 г сыныбында ата-аналар жиналысы өтті. Күн тәртібіндегі барлық мәселелер талқыланып, қаулы шығарылды. Жиналысқа оқу ісінің меңгерушісі мен Халық банк өкілі де келіп өз тараптарынан ақпараттар мен хабарламалар айтты, жиналысы өз деңгейінде өтті. Сынып жетекшісі: Шаймуратова Г.Б.
Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіре отырып, баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу мақсатында 2023 жылдың 20 қыркүйегінде 7 «А» сынып оқушыларының ата-аналарымен жиналыс өткізілді. Күн тәртібінде: 2023 - 2024 оқу жылында оқу - тәрбие процесін ұйымдастырудағы ерекшеліктер, ата - аналардың құқықтық міндеттері, баланың өмір қауіпсіздігі, гимназияның ішкі тәртіп ережесінің орындалуы сияқты мәселелер қаралды. Жиналыс еркін түрде өтті, ата – аналар мен мұғалімнің ерекше амандасуынан бастау алған жиналыс барысында ата-аналар арнайы тапсырмалар арқылы топқа топтастырылып, тақырып бойынша пікірлерімен бөлісіп, ойларын ортаға салды. Гимназия психологы мен сынып жетекшісі өткізген тренигтер мен ойындар ата-аналарға қызықты болғаны соншалық, бастан-аяқ көтеріңкі көңіл күйде болды. Барлық мәселелер қаралып, соған қатысты оң шешім қабылданып, ата-аналар тарапынан үлкен қолдауға ие болды.
Сынып жетекшісі: Жарылгасинова Жанаргуль Газизовна
ссылка120.09.2023ж 7 г сыныбында ата-аналар жиналысы өтті. Күн тәртібіндегі барлық мәселелер талқыланып, қаулы шығарылды. Жиналысқа оқу ісінің меңгерушісі мен Халық банк өкілі де келіп өз тараптарынан ақпараттар мен хабарламалар айтты, жиналысы өз деңгейінде өтті. Сынып жетекшісі: Шаймуратова Г.Б.

ссылка2