17
ноябрь
2023
«Ерлік елге мұра, ұрпаққа үлгі» 2023 жылдың 19 қарашасы күні Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясында
Семей қаласында 1941 жылы құрылған 238 гвардиялық атқыштар дивизиясының жауынгерлері қаза тапқан Тула облысы Алексин қаласынан әкелінген қасиетті топырақты білім ордасының жанынан ашылған музейге тапсыруға арналған «Ерлік- елге мұра, ұрпаққа үлгі» тақырыбында іс –шара өткізілді.
Қонақтарға Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Семейде құрылған әскери құрамалардан алғашқылардың бірі болып, 238 -ші атқыштар дивизиясы Алексин қаласын неміс-фашист басқыншыларынан азат етіп, Тула бағытындағы Мәскеу үшін шайқасқа қатысқан. Кейіннен 30-ші гвардиялық дивизия атанғандығы туралы деректер айтылды.
Жерлестеріміз ерлік көрсеткен өлкеден әкелінген топырақ салынған капсуланы тапсыру Семей қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы - Бердикенов Кенжебай Құсманұлына, қабылдау Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясының директоры Малгаждарова Жанат Зейнелқызына және «Жас Сарбаз» сыныбының оқушылары мен жетекшісі: Сәрсеков Бейбіт Құсайынұлына берілді.
Семей қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы - Бердикенов Кенжебай Құсманұлы бастап келген ардагерлер мен қонақтар шараның соңында Тула облысы Алексин қаласынан әкелінген қасиетті топырақ табысталған гимназия музейінде болып, өңіріміздің тарихын баяндайтын мәліметтермен танысып, ойларымен бөлісіп, ризашылықтарын білдірді. Өткізілген іс-шара тарихи оқиғалардан алыстап бара жатқан жас ұрпақ үшін аса маңызды. Іс шара барысында гимназия оқушылары өз шығармашылықтарынан өлеңдер оқып, әуезді ән орындады.
ссылка1Қонақтарға Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Семейде құрылған әскери құрамалардан алғашқылардың бірі болып, 238 -ші атқыштар дивизиясы Алексин қаласын неміс-фашист басқыншыларынан азат етіп, Тула бағытындағы Мәскеу үшін шайқасқа қатысқан. Кейіннен 30-ші гвардиялық дивизия атанғандығы туралы деректер айтылды.