14
декабрь
2024
2024 ж. желтоқсан айының 11 күні бірнеше жылдар физика пәнінен сабақ берген, бүгіндері құрметті демалыстағы зейнеткер ұстаз Қадыр Болатбекұлының “Дананың сөзі-ақылдың көзі “ атты кітабының тұсау кесері өтті.
“Дара жол”бағдарламасымен ерекше үлгіде өткен іс-шараның тәрбиелік мәні де зор болды.Гимназия директоры Жанат Зейнелевна Қадыр Болатбекұлының еңбек жолын айта келіп, гимназияда еңбек еткен , зейнеткер ұстаздарымыздың еңбектері әрқашан үлгі, өнеге екендігіне тоқталды. Осы іс-шараға арнайы шақырылған ардагер ұстаздарымыз Жұмағазы Диярұлы, Күлғайша Дікенқызы бағдарлама барысында қызықты әңгімелер айтып, Қадыр аға туралы естеліктермен ой бөлісті. Әріптестері Шынар Ахатқызы, Нұрдана Шәріпханқызы Қадыр ағаның ғылыми еңбектерінен қызықты мәліметтер айтып”физика әлеміне”оқушылардың қызығушылықтарын оятты.Кітаптың тұсау кесер рәсімі өткізіліп, “Шешендік өнер”үйірмесінің оқушылары би-шешендердің сөздерін жатқа оқып, көпшіліктің ризашылығына бөленді.Әсем әуенмен көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлаған оқушыларымызға да риза болдық. Осы игілікті іс-шараны ұйымдастырған директордың ғылыми - әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Назгуль Амиртаевна мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шолпан Махмутовна.
ссылка 1













