"Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің"
"Ыбырай Алтынсарин атындағы
№37 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 52-39-70
Нашар көрушілер
нұсқасы

«Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Гимназия № 37 имени Ыбырая Алтынсарина"

» » » «Бәтташ – ұстаз» дөңгелек үстелі: тағылым мен тағзым
11
март
2025

«Бәтташ – ұстаз» дөңгелек үстелі: тағылым мен тағзым

Бүгін Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясында Бәтташ Сыдықұлы атындағы шешендік сөз өнері орталығының ұйымдастыруымен «Бәтташ – ұстаз» атты тағылымды дөңгелек үстел өтті. Кездесу білім мен руханияттың, тағылым мен тәрбиенің тоғысқан ерекше сәтіне айналды.

Жиынның басты мәртебелі қонағы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, Абай облысының, Семей қаласының, Абай ауданының құрметті азаматы, Шәкәрім және Ә.Бөкейхан университеттерінің құрметті профессоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Еспенбетов Арап Сіләмұлы болды.

Профессор шәкірттерге рухани азық беретін мазмұнды дәріс оқып, ұлттық руханият, білім мен тәрбиенің маңызын тереңнен қозғады. Жас ұрпақ бұл кездесуді ерекше ықыласпен қабылдап, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ғалымнан мәні терең, мазмұны құнды жауаптар алды. Бұл жүздесу жастарға үлкен серпін беріп, олардың ой көкжиегін кеңейтті.

Сонымен қатар, жиынға Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің ректоры, басқарма төрағасы Орынбеков Думан Рымғалиұлы қатысып, білім мен ғылымның жаңа мүмкіндіктері жөнінде ой өрбітті. Сондай-ақ, техника ғылымдарының кандидаты, кәсіпкер Сыдықов Нұрлан Бәтташұлы қатысып, ұлы ұстаз Бәтташ Сыдықұлының педагогикалық мұрасы мен дара жолы туралы жылы естеліктерімен бөлісті.

Бұл кештің тағы бір маңызды сәті – профессор Арап Сіләмұлының 80 жылдық мерейтойына орай Бәтташ Сыдықұлы атындағы шешендік сөз өнері орталығы атынан арнайы қаржылай сый табыс етілуі болды. Бұл – ғалымның қазақ ғылымы мен руханиятына қосқан өлшеусіз еңбегіне деген зор құрметтің белгісі.

Сондай-ақ, гимназия ұжымы Арап Сіләмұлын мерейтойымен құттықтап, сый-сияпат көрсетті, оқушылар мен ұстаздар өз ризашылықтарын білдірді.

Бұл кеш – ұстазға деген құрметтің, білім мен ғылымға деген шынайы ықыластың көрінісі болды. Осындай тағылымды кездесулер жалғасып, ұрпақ санасында ұлы мұраттар жаңғыра берсін!
ссылка 1​​​
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив