05
ноябрь
2024
Бүгін гимназия ұстаздары мен оқушылары оқу ордамыздың ғана емес,
бүкіл облыстың мақтанышына айналған, білімі мен көшбасшылық қасиеттерін бірге алып жүрген оқушымыз Төкенов Еділді және осындай шәкірттерді тәрбиелеу ісінде қажырлы еңбек атқарып жүрген ұлағатты ұстазымыз Оразалин Қуат Аманжолұлын гимназия төрінде дәстүрлі түрде салтанатпен қарсы алды.
Естеріңізге салсақ, Төкенов Еділ ұстазы Қуат Аманжолұлының жетекшілігімен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми- практикалық орталығы өткізген «Менің шағын Отаным» атты VII республикалық интеллектуалдық конкурсының І орын иегері атанған болатын.
Сонымен қатар, 1-2 қарашада Астана қаласында балалар мен жасөспірімдер қозғалысының Республикалық балалар көшбасшыларының құрылтайында сөз сөйлеп, Абай облысы балалар мен жасөспірімдер қозғалысының бүгінгі ұрпақ тәрбиесі жолындағы жұмысына талдау жасады.
Гимназия мақтанышына диплом мен сертификаттары табысталып, ерекше құрмет көрсетілді.
#біртұтас_тәрбие_абай_облысы_семей_қаласы
#abai_bilim_basqarmasy
#парламент37
ссылка1Естеріңізге салсақ, Төкенов Еділ ұстазы Қуат Аманжолұлының жетекшілігімен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми- практикалық орталығы өткізген «Менің шағын Отаным» атты VII республикалық интеллектуалдық конкурсының І орын иегері атанған болатын.