"Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің"
"Ыбырай Алтынсарин атындағы
№37 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 52-39-70
Нашар көрушілер
нұсқасы

«Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Гимназия № 37 имени Ыбырая Алтынсарина"

» » » Біртұтас тәрбие бағдарламасының Наурыз - «Тәуелсіздік және отаншылдық айы» аясында 5-6 сынып оқушылары арасында гимназияда "Тәуелсіз ту астында" патриоттық әндер байқауы өтті.
22
март
2025

Біртұтас тәрбие бағдарламасының Наурыз - «Тәуелсіздік және отаншылдық айы» аясында 5-6 сынып оқушылары арасында гимназияда "Тәуелсіз ту астында" патриоттық әндер байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты – жас ұрпақтың бойында  Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, музыкалық өнер арқылы рухани құндылықтарды насихаттау, дарынды жастарды анықтау және қолдау.
Байқау қатысушыларының репертуарында отан, туған жер, ел батырлары туралы патриоттық әндер орын алды. Байқау барысында қазылар алқасы әншілердің вокалдық шеберлігін, сахна мәдениетін, өлеңнің мазмұнын ашу шеберлігін бағалады.
Байқау қорытындысы бойынша қатысушылар келесі жүлделі орындарға ие болды:
•   Бас жүлде: "Қазақстаным" әнімен 5 "Б" сынып оқушысы - Канатова Кармина; 
⦁   I орын: 5 "А" сынып оқушысы Сауметов Диас, орындаған әні - " Батырлар ұраны";
•   I орын: 6 "А" сынып оқушысы Болатбекова Інжу, орындаған әні - "Мен қазақпын";
⦁   II орын: "Қазақ елі осындай" әнімен 5 "Ә" сынып оқушысы Мелетханова Айзада;
⦁   II орын: "Батырлар ұраны" әнімен 6 "Б" сынып оқушысы Бейсенғазин Алижан;
⦁   III орын: 5 "Ә" сынып оқушысы Қайратқызы Каусар, орындаған әні - "Алтын бесік".
 Қатысушылардың өнерлері көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Байқау жас ұрпақтың патриоттық сезімін оятып, өнерге деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.
Ұйымдастырушылар: аға тәлімгер Аубакирова Г.Р., музыка пәнінің мұғалімі Аубакирова Р.М.
ссылка 1
ссылка 2​​​
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив