"Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің"
"Ыбырай Алтынсарин атындағы
№37 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 52-39-70
Нашар көрушілер
нұсқасы

«Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Гимназия № 37 имени Ыбырая Алтынсарина"

» » » Х Халықаралық “Достастықтың балалары” атты форумға Абай облысы атынан қатысқан делегация капитаны-Ы.Алтынсарин атындағы №37 гимназияның 11 сынып оқушысы Төкенов Еділдің форум жайлы ой-пікірі мен алған әсері:
20
июль
2025

Х Халықаралық “Достастықтың балалары” атты форумға Абай облысы атынан қатысқан делегация капитаны-Ы.Алтынсарин атындағы №37 гимназияның 11 сынып оқушысы Төкенов Еділдің форум жайлы ой-пікірі мен алған әсері:

Бұл форум мен үшін тың идеяларға, қызықты кездесулерге толы болды. Беларусь мемлекетінің тарихы, мәдениеті және салт-дәстүрімен танысып, ой-өрісімді кеңейттім. Өзге елдерден жаңа достар тауып, өзім үшін пайдалы орта қалыптастыра алдым.

⚡️Форум аясында есте қаларлық сәттердің бірі—Қазақстан Республикасының күні. Адамзаттың асылы Абай Құнанбайұлының жерінен болғандықтан, біз үшін бұл үлкен жауапкершілік болды. Тыңғылықты дайындықтың арқасында біз қазақ халқының бай мәдениетін, тұғырлы тарихын, ерекше салт-дәстүрін лайықты деңгейде таныстыра білдік. Осы орайда, делегация жетекшісі Бодомбаев Саят Бирканович мырзаға оқушылар атынан алғыс білдіргім келеді!

📌Мемлекеттер арасындағы өзара достастық-жарқын болашақтың кепілі. Қай заманда болмасын, тек бейбітшілік орнаған кезде ғана әлем алға басады. Сол үшін де біз Абай Құнанбайұлының “Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп” деген қанатты сөзін әрқашан естен шығармадық!

🤝🏻Форумның жабылу салтанатында Беларусь мемлекетінің Республикалық кеңесінің төрайымы Наталья Ивановна Кочановаға Абайдың “45 қара сөз” кітабын сыйға тартқанымды ерекше атап айтқым келеді. Себебі бұл мен үшін үлкен құрмет әрі ерекше жетістік.

✅Ұлтқа қызмет ету—әрбір Алаш ұлының игі арманы, қасиетті парызы. Бұл ұлы жолда барыңды салу-менің де, сіздің де, баршамыздың ортақ борышымыз!
 




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив