06
декабрь
2024
Бүгін, 6 желтоқсан,Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясында Алашорда тарихын ұлықтау мақсатында тағылымды шара өтті.
10 “А” сынып оқушылары , пікірсайыс үйірмесінің жетекшісі Бинұр Ахатқызы мен Гульназ Муратовна Әлихан Бөкейханның ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.
Сонымен қатар, алаштанушы ғалым Мұхамедқазы Мұхамадиев пен Махмұт Мамырбекұлы Түйебаевпен кездесіп, Алаш қозғалысының тарихы мен маңызы туралы құнды ақпарат алды. Әлихан Бөкейханның: “Ұлтқа қызмет білімнен емес, мінезден” деген қанатты сөзі шараның негізгі мәнін айқындады.
Бұл күн – ұлт рухын жаңғыртып, болашаққа сеніммен қадам басуға шақырады. Алаш аманаты – мәңгілік!
Жауапты: пікірсайыс үйірме жетекшісі Бинұр Ахатқызы және Гульназ Муратовна.