18
октябрь
2022
18.10.22ж 5 "А" сыныбы сынып жетекшісі Меруерт Амантайқызымен қалалық "Балалар мен Жасөспірімдер" кітапханасына барды.
Оқушылар кітапхана жұмысы және кітаптар қорымен танысты. Рухани келісім күніне арналған "Рухани келісім - бейбіт өмірдің бастауы" атты оқушылардың кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру мақсатында ұйымдастырылған кітап көрмесіне қатысты. Көрмеде балаларға арналған қазақ тілінде басылып шығарылған жаңа кітаптар мен жаңа технологияның жемісі 3D кітаптар ұсынылды.


