18
ноябрь
2024
5 «А»-«Жас Сарбаз» сыныбында Құқықтық тәрбиенің өмірілік қажеттілігін. оқушыларға түсіндіру.
Құқықтық тәрбиенің, жігердің қоғамда маңызы зор екендігін түсіндіре отырып, құқықтық сауатқа тәрбиелеу ортасын құру, өз ойларын еркін айтуға үйрету мақсатында «Жасөспірімдер арасындағы ұрлық, Жауапкершілік (ҚР ҚК 188-бап)» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сабақты сынып оқушылары: Сабыр Абдурахман мен Амангелді Ертере жүргізіп, оқушыларға «Миға шабуыл» әдісі арқылы «Сізде «ұрлық» сөзін естігенде қандай түсінік пен сезім пайда болады? Ұрлық дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар? Ұрлық істеген адамдар қалай жазаланады? деген сұрақтар төңірегінде ой-пікірлерімен алмасудан бастады. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, көзқарастарымен бөлісті. Тақырыпқа байланысты: «Ұрлық түбі-қорлық, Өтірікшінің құрығы, бірақ тұтам. Қолыңмен істегенді, мойныңмен котер», дегендей мақал-мәтелдерді айтып, мағынасын ашып, түсінік берді. Сонымен қатар, түрлі ситуациялық жағдайларды талдады.
Құқықтық тәрбие мен құқықтық жігерлі сана алдымен отбасынан басталады. Бүгінгі қоғамды дамыту үшін әрқайсысымыз құқықтық заңға құрметпен қарап, ез бойымызда құқықтық сана мен жігерді шыңдауымыз керек түйген ойларын да айта кетті.
Сынып жетекшісі: Жарылгасинова Ж. Г.
Әскери жетекшісі: Кусаинов Қ.С.
#біртұтас_тәрбие_абай_облысы_семей_қаласы