22
апрель
2024
16.04.2024 күні Жарылгасинова Жанаргуль Газизовнаның жетекшілігіндегі 7”А” сыныбында “Интернеттің пайдасы мен зияны” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағаты барысында интернет жайлы біршама ақпараттар берілді. Сонымен қатар, интернеттің пайдасы мен зияны талқыланып, оқушылар берілген сурет бойынша өз пікірлерімен бөлісті. Білім алушылар «Мақал-сөз мәйегі» атты ойында информатикаға байланысты аударылған мақалдардың дұрыс нұсқасын тауып айтты. Оқушылар топтық жұмыс жасай отырып, сабаққа өте белсене қатысты. Әр оқушы интернеттің пайдасы мен зиянына байланысты өз пікірлерімен ашық бөлісті. Оқушылардың интернетке деген көзқарастарын өзгерту мақсатында қызықты ойындар ойнатылып,кері байланыс алынды.
Тәрбие сағатының мақсаты:
Оқушыларға интернет туралы толық ой қалыптастыру. Бүкіләлемдік өрмек-интернетке байланысты ақпарат жинақтау. Интернеттің пайдасы мен зиянын талқылау. Білімгерлердің алған білімдерін нығайту, тиянақтау, бір жүйеге келтіріп, тексере отырып қорытындылау.
Тәрбие сағатын ұйымдастыруда белсенділік танытқан студенттер Шәкәрім университетінің География - Тарих мамандығының бакалавриат студенттері Нұрбекова Аружан, Бельгибаева Салтанат, Қайратова Еркежан және Химия-Биология мамандығының студенті Бейсенбекқызы Толғанай болды.