23
февраль
2023
2023 жылдың 23 ақпанында академик Қ.О.Бітібаева атындағы зертхананың ашылғанына 10 жыл толуына орай 9-10-сыныптар аралығында "Тұлғасы биік жанның аты да аңыз" тақырыбында эссе байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты: аңыз ұстаз Қ.О.Бітібаеваның өмір жолы мен педагогикалық ізденістері туралы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін байқау. Байқау барысында зертхана жетекшісі Қ.Қ.Жакенова "Қанипа әлемі" үйірмесінде жүргізіліп жатқан жұмыстарға шолу жасады. Ұйымдастырушылар оқушыларға эссе критерийлерін ұсынып, жұмыстарына сәттілік тіледі. Ұйымдастырушылар: Нұрғамысова Ш.М., Ағыбаева Ғ.М