28
апрель
2023
28.04.2023 жылы «Ыбырай Алтынсарин атындағы 37 гимназия» КММ-де «Биология және жаратылыстану пәндерінен 2-8-сынып оқушылары арасында
«Жусанбаева Төлеуғайша Сейсетқызы» атындағы қалалық ғылыми жоба және «Модельдеу-ғылыми таным әдісі» білім беру ресурстарын қолдану тәжірибелері» атты конкурсында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Орынғожина Л.С. мен Нұрғамысова Ш.М. «Ғылыми ізденістің алғашқы кезеңі-зерттеудің тақырыбын анықтау. Әлеуметтік желідегі сауатсыздықтың алдын алу» тақырыбында шеберлік сынып өткізді.
Шеберлік сыныпты бастамас бұрын Қ.О.Бітібаеваның «Оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына баулу жолдары» оқу құралы бойынша: «Ғылыми ізденіске жетелейтін қадамдар мен әдіс-тәсілдер туралы түсінік беріліп, мұғалімдер ғылыми жоба бойынша жеткен жетістіктері туралы айтып өтті.
Тақырыпқа байланысты бейне-таспа көрсетіліп, ұстаздарға мотивация туғызу үшін «Жұлдызыңды жарқырат»әдісі арқылы психологиялық ахуал туғыза отырып, әлеуметтік желідегі сауатсыздықтың алдын алуды қалай жүзеге асыру бағытында қатысушылардың ой-пікірлерін тыңдау мақсатында «WatsApp», «TikTok», «Instagram» желілері арқылы топқа бөлініп оларға:
I топ. «TikTok» тобына «Ғаламтордағы тіл бұзарлықтың алдын алу үшін не істеу керек?»
II топ. «WatsApp» тобына «Әлеуметтік желілер-жастар сауаттылығының төмен болуының ең басты әсер етуші факторларының бірі»
III топ. «Instagram» тобына «Әлеуметтік желі-жастар мәдениетін дамытатын құрал» тақырыбында тапсырмалар беріледі. Әр топ берілген тақырыпты ашу үшін ресурстарды пайдалана отырып, қызу жұмыс жасады. Жасалған ПОСТЕР-ді қорғау арқылы өз пікірлерін ортаға салды.
Шебер сынып соңында «Кері байланыс» жасалып, қатысушылардың ой-пікірлері тыңдалды.