28
апрель
2023
«Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ-де 04.11.2022 жылы биология пәнінің мұғалімі Жусанбаева Төлеугайша Сейсетқызы атындағы атаулы зертхана ашылды.
Атаулы кабинеттің ашылу мақсаты: «Дарынды балаларды қолдау, білім алушылардың зерттеу қабілеттерін ашу».
Жусанбаева Төлеуғайша Сейсетқызы 1994 жылдың тамыз айынан бастап Семей қаласындағы №37 мектеп-гимназиясында биология пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген кезінде, қала көлемінде ғылыми зерттеушілік жұмыстармен айналысып, мектепте ғылыми жобалар жұмысын бастаған бірден-бір ұстаз. Осы бастама негізінде гимназияда ғылыми жоба сайысы қалалық білім бөлімі қолдауымен қалалық деңгейде ұйымдастырылып отыр. Қаланың мектептерінен келген қонақтарға: мұғалімдерге және оқушыларға атаулы кабинеттің таныстырылымы болды.