20
ноябрь
2021
20.11.2021 күні « Ұстаздың кәсіби іс-әрекетіндегі педагогикалық әдеп» тақырыбында педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтті.
Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес педагогикалық әдеп кеңесінің төрайымы Шәріпхан Алма Ермекқызы кеңестің кезекті отырысын өткізді.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе «Ұстаздың кәсіби іс-әрекетіндегі педагогикалық әдеп» және ұстаздарға жаднама жөнінде кеңес мүшелері А.С.Қайырханова мен Ә.М.Азаматова таныстырып өтті.
Гимназиядағы кәсіподақ ұйымының мүшесі А.Ж.Архыматаева «Еңбек тәртіптемесі» туралы ақпарат беріп, гимназияның ішкі еңбек тәртібі туралы ережеге тоқталды.
Педагогикалық ұжымдағы психологиялық жағдайдың ахуалын анықтау барысында гимназия ұжымына алдын ала сауалнама берілген болатын, гимназия психологы Ш.С.Серікқалиева сауалнама қорытындысын шығарды.














