03
декабрь
2021
ЖЕЛТОҚСАН АРДАГЕРІМЕН КЕЗДЕСУ
2021 жыл 03 желтоқсан күні желтоқсан оқиғасының куәгері, «Желтоқсан қаһарманы» төс белгісінің иегері гимназиямыздың бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші, мектеп тренері, Республикалық бастауыш сынып оқулықтарының эксперті, қалалық бастауыш сынып бірлестігінің мүшесі, Ұлттық тестілеу орталығының эксперті Қаспақпаева Жұлдыз Сәкенқызымен Ыбырай алтынсарин атындағы №37 гимназия мұғалімдері арасында «Желтоқсан жаңғырығы жадымызда» атты кездесу кеші өтті. Кездесуде желтоқсан оқиғасының құрбаны Сәбира Мұхамеджановамен педагогикалық училищесінде бір топта оқып, бір жатаханады тұрған, осы желтоқсан оқиғасына қатысқан Жұлдыз Сәкенқызы 1986 жылы желтоқсан оқиғасы туралы баяндап берді.














