09
февраль
2022
Қазақтың лирик ақыны,мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына бүгін 91 жыл толды.
Артынан ұлы сөздері, тәлімді өлеңдері қалған ақын атамыздың өлең кітаптарының көрмесін гимназия кітапханасы ұсынады.
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев 1931 жылы 9 ақпан күні Нарынқол өңірінің Қарасаз ауылында дүние есігін ашқан.
Балалық бал дәурені соғыс жылдарының ауырлық-тауқыметімен тұспа-тұс келген жас жеткіншек еңбекке ерте араласып, жеті жылдық мектептің мұғалімі болады. Содан Нарынқол аудандық “Советтік шекара” газетіне араласып, қаламгерлікке ден қояды. Мұнан соң “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газетінің (1962-1963), “Мәдениет және тұрмыс” (қазіргі “Парасат”) (1963-1965), “Жұлдыз” (1965-1972) журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында (1972-1973) қызмет атқарады.
Өлең оқыған “Шамшырақ” клубының мүшесі 9 сынып оқушысы Досжан Аяжан.
ccылка