14
март
2022
Гимназия қабырғасында «Алтын белгіге» және «Үздік аттестатқа» үміткер оқушыларына психологтар тарапынан психологиялық қолдау көрсету мақсатында әр түрлі ойын-жаттығулардан құралған тренинг ұйымдастырылды.
Өткізілген іс – шараның негізгі мақсаты: стресске төзімділікті арттыру, емтихандық мінез-құлық дағдыларын жаттықтыру, өзін-өзі бақылау дағдыларын дамыту, өзін-өзі бақылау әдістерін үйрену болды. Тренинг барысында «Сәлем Хат», «Мен қазір және болашақта» жаттығуы (Стрестен арылып, өз болашағын бағамдай білуге ықпал жасау), «Көбелек» (жүйке-бұлшықеттерінің босаңсуы үшін), «А және И» (дыбыстық гимнастика) «Жаңбыр» жаттығулары өткізілді. Тренинг соңында үміткерлер жылы лебіздері мен тілектерін білдірді.


