20
апрель
2022
ШҚО білім басқармасы Шығыс өңірлік орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 20 сәуір күні «Жаратылыстану - ғылыми бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдері» тақырыбында
Зайсан ауданы, Зайсан қаласы физика, информатика, химия, биология пәні мұғалімдеріне өткізілген облыстық семинарда "Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы" КММ химия пәні мұғалімі Бәшенова Айнұр Дәуітбекқызы, физика пәні мұғалімі Абишев Нурсултан Алдашевич өз тәжірибелерімен бөлісті.
Облыстық семинар барысында:
🔹 Физика пәні мұғалімі Абишев Н.А. ЗАЙСАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "Х.МҰСТАФИНА АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ" КММ 10 сынып оқушыларына «Ампер күшінің жұмысы. Магнит ағыны» тақырыбында ашық сабақ және ЗАЙСАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ" КММ-де «Физика, информатика сабақтарында Blended learning әдісін қолдану арқылы пәнді оқу мотивациясын қалыптастыру» тақырыбында Зайсан ауданы мұғалімдеріне мастер- класс өткізді.
🔹 Химия пәні мұғалімі Бәшенова А.Д. ЗАЙСАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "Х.МҰСТАФИНА АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ" КММ 8 сынып оқушыларына «Тұздар. №9 зертханалық тәжірибе: «Тұздардың қасиеттері және алынуы» тақырыбында ашық сабақ және ЗАЙСАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ" КММ-де «Химия, биология сабақтарында Task-based learning әдісін қолдану арқылы пәнді оқу мотивациясын қалыптастыру» тақырыбында Зайсан ауданы мұғалімдеріне мастер- класс өткізді.
Мақсаты: Семей қаласының ЖМБ пәндерін ағылшын тілінде толық тереңдетіп оқытатын мұғалімдерімен тәжірибе алмасу. Пәндерді оқытудың тиімді әдістерімен, оқу-жұмыс тәжірибесімен бөлісу және шеберлік сабақтарын өткізу, CLIL оқыту әдістерін талқылау, тыңдау, сөйлеу, жазу, оқу дағдыларын сабақта дамыту.









