28
февраль
2023
Республикалық оқу-әдістемелік "Әдіскер әлемі" журналының 2023 жылғы 1 нөмірі гимназиямыздың 30 жылдық тарихына арналып басылып шықты.
Журнал 1992-1998 жылдар аралығында гимназиямыздың алғашқы директоры болған, Қазақстан Республикасының Білім Озаты, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасының иегері, қазір зейнеткер ұстаз Омат Бақкелді Бараққызына 1 наурыз-Алғыс айту күні қарсаңында зор ризашылықпен табысталды. Журналды Бақкелді Бараққызы жайлы мақала авторы Қайырханова Айсұлу Советханқызы табыс етті.