15
январь
2021
«Эко сағат – бүгін баста»
Табиғатың сұлулығын жан дүниеңмен сезіну үшін сөзден іске көшу қажет. Бұл үшін экологиялық білім мен тәрбие тереңдетілуі тиіс. Оқушылардың экологиялық сауатын арттыруға білім беру мекемелері өлшеусіз үлес қоса алады. Мектеп оқушыларының санасына тәжірибелік дәріс, зертханалық жұмыс арқылы көп нәрсе сіңіруге болады. Аталған игі бастамаларды іс-жүзінде жүзеге асыру мақсатында «Ыбырай Алтынсарин атындағы № 37 гимназия» КММ-де 2019 – 2020 оқу жылында «Эко сағат – бүгін баста» ұранымен іс-шаралар ұйымдастырылды.