«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында іс-тәжірибе тарату.
2021-2025 жылдарға арналған «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту жоспары негізінде «Кітап оқуды насихаттау ісіндегі жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында гимназия директоры Ж.З.Малгаждарова облыс көлемінде іс-тәжірибе таратты. Мектеп директорлары арасында челлендж өткізіліп, әрі қарай жалғасын табуда. «Кітаппен бірге өсеміз» акциясында ұжым мүшелері, ата-аналар және оқушылар тарапынан кітапхана қоры толықтырылды. Мақсаты: Кітаптың мәртебесін көтеру, кітап оқуды сәнге айналдыру, өмір бойы өзін-өзі жетілдіруді және білім беруді қолдау. Гимназия кітапханасындағы көркем әдебиеттер қорын көбейту. Сонымен қатар гимназияда әрбір қабаттар бойынша кітап оқу бұрыштары ұйымдастырылды. Болашақтағы кітапхананың жалпы көрінісі де көпшілікке ұсынылды. Бірлестіктер арасында «Көркем әдебиетті оқу» атты челлендж ұйымдастырылып, өткізілді.







