07
октябрь
2025
2025 жылдың 7 қазан күні гимназиямызда жас мамандарға арналған «Сабақты жоспарлай білу – сапалы сабақ негізі» атты шебер-сынып ұйымдастырылды.
Шараны директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Н.А. Шыныбекова күн тәртібімен таныстырып, жас мамандарды белсенді қатысуға шақырды.Әрі қарай мектеп психологы А.Н. Ұлықпанова жағымды психологиялық ахуал орнату мақсатында тренинг жүргізді.
🔸 Канапьянова Б.И. математика пәнінің мұғалімі, “ҚМЖ жүйелі құру – білім сапасының кілті» тақырыбында түсіндіру жұмысын жүргізіп, сабақтың әр кезеңіне жеке тоқталып, топтық тапсырмалар арқылы тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасады.
🔸 Серікбаева М.Ш. информатика пәнінің мұғалімі электрондық журнал BilimLand платформасын дұрыс толтыру жөнінде практикалық нұсқаулық ұсынды.
Шара соңында директордың міндетін атқарушы Г.М. Жумаксанова мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш.А. Турсумбаева ішкі тәртіп ережелерін түсіндіріп, жас мамандарға әдістемелік көмек көрсетуге әрдайым дайын екендерін атап өтті. Жас мамандар да белсенділік танытып, теориялық білімдерін, практикада қолдана алатындарын танытты.
ссылка1