"Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің"
"Ыбырай Алтынсарин атындағы
№37 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 52-39-70
Нашар көрушілер
нұсқасы

«Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Гимназия № 37 имени Ыбырая Алтынсарина"

30
октябрь
2025

Ақпарат

✨ Кеше, 27 қазан күні Әлихан Бөкейхан Университетінде «Абай облысының білім басқармасы» ММ «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми–әдістемелік «Дарын» орталығы» КМҚК қолдауымен белгілі ғалым, педагог М.Б. Мақамбаевты еске алуға арналған, информатика және физика пәндерінен аймақтық пәндік олимпиада өтті.

✍️ Екі кезеңде өткізілген олимпиадаға Абай облысының қалалары мен аудандарының мектептерінен жалпы жиыны 180 оқушы тіркелді. Оның 103-і бірінші кезеңнен сүрінбей өтіп, Университет қабырғасында өткен екінші турға шақыру алды.

Екінші кезең барысында оқушылар олимпиаданың тәжірибелік тапсырмаларын орындап, өз білімдерін сынады.

✨ Олимпиада қорытындысы бойынша, физика және информатика пәндерінен ең жоғары балл жинап, Университет Президентінің жеңілдік сертификаттарын ие болған жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

Информатика пәні бойынша:
🏆 Олимпиаданың бас жүлдесі - Әлихан Бөкейхан Университетінің ақылы бөлімінде бірінші жыл 100% жеңілдікпен білім алуға мүмкіндік беретін сертификатты Семей қ. №18 орта білім мектебінің оқушысы Сайдашева Малика Надировна иеленді
🥈Екінші дәрежелі дипломды және ақылы бөлімде бірінші жыл 50% жеңілдікпен білім алуға мүмкіндік беретін сертификатты Семей қ. №18 орта мектебінің оқушысы Шкедов Егор Дмитриевич иеленді
🥉Үшінші дәрежелі дипломды және ақылы бөлімде бірінші жыл 25% жеңілдікпен білім алуға мүмкіндік беретін сертификатты Семей қ. №30 орта мектебінің оқушысы Ерланова Адина Ерланқызы жеңіп алды.

Физика пәні бойынша:
🏆Олимпиаданың бас жүлдесі - Әлихан Бөкейхан Университетінің ақылы бөлімінде бірінші жыл 100% жеңілдікпен білім алуға мүмкіндік беретін сертификатты Аягөз ауданының Горный орта мектебінің оқушысы Болатова Лаура Болатқызы иеленді
🥈Екінші дәрежелі дипломды және ақылы бөлімде бірінші жыл 50% жеңілдікпен білім алуға мүмкіндік беретін сертификатты Семей қ. Shakarim High School мектебінің оқушысы Жиенбаева Дильназ Аяновна иеленді
🥉Үшінші дәрежелі дипломды және ақылы бөлімде бірінші жыл 25% жеңілдікпен білім алуға мүмкіндік беретін сертификатты Семей қ. Ыбырай Алтынсарин ат. №37 гимназиясының оқушысы Қастай Еркежан Ерлібекқызы жеңіп алды.

💐 Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! 







Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив