06
декабрь
2025
“ Ыбырай Алтынсарин атындағы №37гимназия” КММ-де 10–11 сынып оқушылары арасында «Қаржы сақшысы» атты ойын өткізілді.
“Қаржы сақшысы” ойыны
Абай облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру Департаментінің бастамасымен ұйымдастырылған.
Іс-шараның мақсаты — оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру, жауапты шешім қабылдау дағдыларын дамыту және цифрлық қаржы қауіпсіздігі туралы түсініктерін кеңейту.
Ойын барысында жоғары сынып оқушылары «Қаржы сақшысы» рөлінде түрлі тапсырмаларды орындады. Қаржылық алаяқтықтың алдын алу, күдікті төлемдерді анықтау, жеке бюджет жоспарын құру және қауіпсіз онлайн төлем жасауға байланысты жағдаяттар ұсынылды. Оқушылар нақты деректерді талдап, дұрыс шешім қабылдау қабілеттерін көрсетті.
Қаржы әлеміндегі тәуекелдер мен қауіпсіздік шаралары жөнінде пайдалы ақпарат алды. Соңында үздік нәтиже көрсеткен оқушылар марапатталды.
ссылка1