01
сентябрь
2022
«Математика және қаржылық сауаттылық» оқу кабинеті
Гимназиямызда 1-қараша күні «Жармаш Қуандықұлы Жаспанов атындағы математика және қаржы сауаттылығы» оқу кабинеті ашылды. Гимназиямызда 15 жыл директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары міндетін атқарған, өз ісінің майталманы, әріптестері мен шәкірттерінің жүрегіне жол таба білген, әділ де білікті басшы болған Жармаш Қуандықұлы атына кабинет ашу туралы отбасы тарапынан ұсыныс жасалынып, гимназия ұжымынан қолдау тапты. Кабинет алдағы уақытта оқушылардың болашағына қызмет атқарады деген сенімдеміз.
