Директордың оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметіне конкурс
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Семей қаласы бойынша білім бөлімінің» мемлекеттік мекемесінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорының оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметіне конкурс жариялайды.
Конкурс жарияланған лауазымның атауы: Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Семей қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары.
Орналасқан жері: индекс 071400 Семей қаласы, Шәкәрім даңғылы, 70, Байланыс номері: 8-722-2-52-39-70
Электрондық пошталық мекен-жай- Semey_37@mail.ru;
Конкурсқа қатысуға өтінімдер беру мерзімі- конкурсқа қатысуға қажетті өтінім Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Семей қаласының білім бөлімі» ММ-нің және «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ сайттарына конкурс өткізілетіні туралы хабарлама жариялаған күннен бастап 15 күнтізбелік күнде жүзеге асырылады.
Лауазымдық міндеттері:
1. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары мынадай лауазымдық міндеттерді атқарады:
3.1. Талдау жасайды:
• өзі жетекшілік ететін ауысымда білім беру ісінің жай-күйіне;
• көп тілдер циклы кафедрасы мұғалімдері қызметінің жағдайы мен жұмыс нәтижелеріне;
• көп тілдер циклы кафедрасы мұғалімдерінің кәсіби деңгейіне;
• көп тілдер циклы кафедрасы мұғалімдері оқу-әдістемелік жұмыстарының жай-күйіне;
• көп тілдер циклы пәндері бойынша оқушылар білімі деңгейін анықтау мақсатында білім беру процесіне.
3.2. Болжам жасайды:
• көп тілдер циклы пәндері бойынша оқушыларды оқытып-үйрету жұмыстарының нәтижелілігіне.
3.3. Әзірлейді және белгілейді:
• өзі жетекшілік ететін ауысымға арнап "СанПиНомға" және өзге де нормативтік құжаттарға сәйкес оқу сабақтарының кестесін;
• өз міндеттеріне сәйкес мектеп бойынша бұйрықтар мен өкімдерді;
• №37 гимназия қызметінің кешенді-мақсатты бағдарламасын;
• №37 гимназия қызметінің мәселелері бойынша өз міндеттеріне сәйкес есептік және анықтамалық материалдарды;
• өз жұмысының перспективалық және ағымдағы жоспарларын;
• оқу ісі жоспарын, №37 гимназия даму, перспективалық жоспарын, оқу жоспарын;
• оқып-үйренуге ынтасы жоғары оқушылармен жұмыс жүргізудің перспективалық жоспарын;
• №37 гимназия дамытудың жекелеген фрагменттерін, өзге де стратегиялық құжаттарды.
3.4. Жоспарлайды және ұйымдастырады:
• өзі жетекшілік ететін ауысымда оқу процесін қамтамасыз ететін кафедралар, әдістемелік бірлестіктер жұмысын;
• өзі жетекшілік ететін ауысымдағы мұғалімдер мен оқушылардың №37 гимназия бойынша кезекшілігін;
• аттестаттауға материалдар дайындауды;
• Қазақстан Республикасында мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру стандарттарына сәйкес көп тілдер циклы кафедрасының жұмысын, №37 гимназия оқушыларына мемлекеттік тіл мен қазақ әдебиетінен тәлім беру жүйесін жетілдіру мақсатында қазақ тілі, қазақ әдебиеті оқу пәндерін;
• Мемлекеттік тілді, шет тілдері мен орыс тілін оқытудың жаңа технологиялары бойынша әдістемелік семинарларды;
• қазақ тілі, қазақ әдебиеті пәндері бойынша оқу көрнекі құралдарын, дыбыс және бейне материалдарды;
• көп тілдер циклы мұғалімдерінің біліктілігін арттыру жөніндегі жұмыстарды;
• көп тілдер циклы пәндері бойынша әкімшілік бақылау және тексеру жұмыстарын;
• үлгірмейтін оқушылармен жеке жұмыс жүргізуді;
• директордың оқу ісі жөніндегі өзге орынбасарларымен бірге оқушылардың техникалық творчествосы бойынша жүргізілетін жұмыстарды;
• аударма емтихандарына дайындық пен оны өткізуге байланысты жұмыстарды;
3.5. Қамтамасыз етеді:
• педагогикалық ұжымның білім беру жұмыстарындағы тұрақты қызмет ету режимін;
• педагогика қызметкерлері тарапынан қауіпсіздік техникасы мен еңбек қорғау талаптарының сақталуын;
• кабинеттердің әдістемелік зонасы паспортталуын және жүйеленуін;
• өзі жетекшілік ететін ауысымдағы мұғалімдер мен оқушылардың санитарлық-ағарту, медициналық қызмет көрсету жұмыстары бойынша №37 гимназия медицина қызметкерлерімен өзара байланысын;
• мұғалімдердің жалпы жұмыстарын, олардың оқу жоспарлары мен көп тілдер циклі пәндері бойынша бағдарламаларының орындалуын;
• өзі жетекшілік ететін ауысымдағы оқушылардың медициналық көрсеткіштерге байланысты үйде оқуын;
• оқушылардың сыртқы көрінісі мен бірыңғай №37 гимназия формасы бойынша қойылатын талаптардың орындалуын;
• оқушылардың таңертеңгілік сапқа тұруы (линейкасы) директор бекіткен график бойынша өткізілуін.
3.6. Басқарады:
• №37 гимназия конфликт комиссиясы жұмысын;
• №37 гимназия қызметкерлеріне арналған "Қазақ тілі" үйірмесінің жұмысын;
• оқушылар мен қызметкерлер құжаттамаларын мемлекеттік тілде жүргізуді және ресімдеуді;
• білім беру процесінде еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелері мен нормаларын сақтауды;
• еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы жөнінде нұсқаулықтар, сондай-ақ практикалық және зертханалық жұмыстарды орындау жөніндегі әдістемелік нұсқамалардың қауіпсіздік талаптары тарауларын әзірлеуді және оларды кем дегенде бес жылда бір рет мерзімдік қайта қарау ісін.
3.7. Бақылайды:
• "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" заңның жүзеге асырылуын;
• №37 гимназия іс қағаздарының екі тілде жүргізілуін;
• №37 гимназия қолданылатын құжаттардың қатаң түрде есепке алына отырып жүргізілуін;
• №37 гимназия құжаттарын ведомстволық мұрағатқа тапсыру үшін дайындауды;
• Көп тілдер циклы кабинеттері меңгерушілерінің кабинеттерді паспорттау және жүйелеу жұмыстарын;
• аттестаттау материалдарының дайындалуын;
• өзі жетекшілік ететін ауысымдағы оқушылар білімі мен сабақ өткізілу сапасына мектепішілік бақылау жоспарының орындалуын қадағалап, сабақтарға және оқыту тәсілдерінің өзге де түрлеріне қатысады (оқу жылында 150–180 сағаттан кем емес);
• Жаратылыстану-ғылыми цикл және әлеуметтік-гуманитарлық цикл кафедралары мұғалімдерін курстық қайта даярлау жоспарының орындалуын;
• өзі жетекшілік ететін цикл пәндері бойынша оқуға ынталы балалармен жүргізілетін жұмыстарды;
• қазақ және ағылшын тілдерін үйренуші топтардың жасақталуын;
• көп тілдер циклы пәндері бойынша оқу, бейімдеу және авторлық бағдарламалар жұмысы мен оның нәтижелілігін;
• көп тілдер циклы мұғалімдері әдістемелік оқуы мен курстық даярлығы жоспарының орындалуын;
• көп тілдер циклы кафедрасы әдістемелік бірлестігінің меңгерушісі мен жетекшілері жұмысын;
• көп тілдер циклы пәндері бойынша білім беру сапасы мен оқушылардың дайындық нәтижелерін бағалаудағы объективтілікті;
• өзі жетекшілік ететін ауысымда сынып журналдарының жүргізілуі мен толтырылуын және көп тілдер циклы пәндері бойынша білім беру процесінің құжатталуын;
• оқу жабдықтары мен техникалық құралдарының тиімді пайдаланылуын;
• оқу приборлары мен жабдықтарының, химиялық реактивтердің, техникалық және көрнекі оқу құралдарының, №37 гимназия жиһаздарының қолданылу және сақталу қауіпсіздігін;
• қызметкерлер мен оқушылардың еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша дер кезінде нұсқама, жөн-жоба алуын және оның журналдарға тіркелуін;
• №37 гимназия санитарлық-гигиеналық режимнің сақталуын;
• өз міндеттеріне сәйкес№37 гимназия дамыту саласында қабылданған шешімдердің орындалуын.
3.8. Үйлестіреді (және көмектеседі):
• мұғалімдердің көп тілдер циклы пәндері бойынша оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындауға байланысты жұмыстарын;
• өзі жетекшілік ететін ауысымда құқықтық жалпы оқулар бойынша жүргізілетін жұмыстарды;
• білім беру қызметіндегі әр түрлі бөлімшелердің, қызмет орындары мен жекелеген қатысушылардың жұмыс құжаттамаларын (ережелер, жоспарлар, бақылау жұмыстары т. б.).
• оқу зертханалары мен кабинеттерін заманауи жабдықтармен, көрнекі және техникалық оқу құралдарымен жарақтандыру, кітапханалар мен әдістемелік кабинеттерді оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттермен толықтыру жұмыстарын;
• оқушылар білімінің сапасын бақылау жүйесін.
3.9. Бағалайды, сараптайды:
• құжаттар құндылығын, олардың ведомстволық мұрағатта одан әрі сақталатындарын;
• №37 гимназия оқушылары мен қызметкерлері арасында болған жазатайым жағдайларды;
• өз міндеттеріне сәйкес №37 гимназия стратегиялық құжаттарын (оқу жоспарын, білім беру бағдарламасын, мектептің даму тұжырымдамасы мен бағдарламасын);
• 1–11 сыныптардағы өзі жетекшілік ететін пәндер бойынша білім сапасын және сабақ өткізілу жағдайын;
• көп тілдер циклы кафедрасының жұмысын жетілдіруге байланысты ұсыныстарды.
3.10. Кеңес береді:
• Мұғалімдер мен ата-аналарға құқықтық жалпы оқулар бойынша;
• №37 гимназия қызметкерлеріне еңбек қорғау мен қауіпсіздік техникасы, азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар мәселелері бойынша.
3.11. Редакциялайды, түзетеді:
• №37 гимназия дамыту мәселелеріне, өзі жетекшілік ететін пәндер бойынша зерттеу нәтижелері мен экперименттерге байланысты баспаға дайындалатын материалдарды.
3.12. Хабардар етеді:
• ұжымды еңбек қорғау мен қауіпсіздік техникасы, азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар мәселелері бойынша;
• ұжымды әкімшілік-шаруашылық мәселелері бойынша;
• ұжымды өзі жетекшілік ететін ауысымдағы және пәндер бойынша білім беру қызметінің барысы мен қорытындылары туралы.
3.13. Тыйым салады:
• оқушылар мен қызметкерлер денсаулығына қауіп тудыратын жағдайлар пайда болған №37 гимназия орын-жайларында білім беру процесінің жүргізілуіне;
• типтік тізімдемелерде қарастырылмаған химиялық реакторларды, оқу жабдықтары мен приборларды, соның ішінде тиісті акті-рұқсатнамасыз шеберханаларға, оқу орын-жайларына, тағы басқа жерлерге қолдан жасалып қойылған заттарды пайдалануға.
3.14. Қатысады:
• педагогикалық кеңестер жұмысына;
• жоғары орындар ұйымдастырып, өткізетін кеңестер, семинарлар, конференциялар, тренингтер жұмысына, "дөңгелек стол" отырыстарына және басқа шараларға;
• оқушылар контингентін жасақтауға;
• №37 гимназия педагогтары мен басқа да қызметкерлерін аттестаттауға әзірлеу және оны өткізу ісіне.
3.15. Жетекшілік етеді:
• көп тілдер циклы кафедрасының жұмысына;
• азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бойынша жұмыстарға.
Білуі тиіс:
ҚР Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", заңдарын және басқа да бiлiм беру ісін дамыту бағыттары мен перспективаларын айқындайтын нормативтiк құқықтық актiлердi, Педагогика мен психология негіздерін, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын. Педагогика ғылымы мен практикасының жетістіктерін. Менеджмент, қаржы-шаруашылық қызметі негіздерін, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын. Санитарлық ережелер мен нормаларды. ҚР Еңбек кодексін.Сондай-ақ, директордың оқу-әдістемелік жөніндегі орынбасары өз қызметінде оқушыларға білім мен тәрбие беру мәселелері бойынша білім беру ісін басқарушы барлық деңгейдегі органдар шешімдерін, сонымен қатар №37 гимназия жарғысы мен жергілікті құқықтық актілерін (оның ішінде Ішкі еңбек тәртібі ережелерін, осы лауазымдық нұсқаулықты), еңбек шартын (келісім-шарт) басшылыққа алады. Бала құқықтары туралы Конвенцияны сақтайды.Директордың оқу-әдістемелік жөніндегі орынбасары компьютерді және басқа да ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен ғаламдық Internet желісін қолдануда тиімді тәсілдерді меңгеруі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: Директордың тәрбие жөніндегі орынбасарында жоғары педагогикалық бiлiм және 5 жылдан кем емес педагогикалық жұмыс стажы болуы тиiс.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;
6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама ұсынады.
Азаматтық қызметке, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға, ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық даму институттарына, ұлттық холдингтерге және ұлттық компанияларға, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдарына басқару функцияларын орындаумен байланысты лауазымға тұру кезінде адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады.
Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.