Конкурс жариялау
Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы № 37 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 1,0 жүктеме уақытша офицер-тәрбиеші лауазымдық қызметіне конкурс жариялайды.
Конкурс жарияланған лауазымның атауы: Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы № 37 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі уақытша офицер-тәрбиеші лауазымы 1,0 жүктеме.
Орналасқан жері: индекс 071400 Семей қаласы, Шәкәрім даңғылы, 70, Байланыс номері: 8-722-2-52-39-70
Электрондық пошталық мекен-жай- semey_37@mail.ru;
Конкурсқа қатысуға өтінімдер беру мерзімі - конкурсқа қатысуға қажетті өтінім Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ сайттарына конкурс өткізілетіні туралы хабарлама жариялаған күннен бастап 7 жұмыс күнде жүзеге асырылады.
Лауазымдық міндеттері:
Әрдайым сарбаздардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге жағдай жасайды.
Сарбаздарға білім беру мен тәрбие берудегі тапсырмаларды, оқу жоспары, оқу бағдарламасын, оқулықтар мен оқу материалдары білуге, әрдайым педагогикалық білімін жетілдіріп отырады.
Сарбаздарға сапалы білім алуда оқытушылармен бірлесіп көмек көрсетуге, оқу үлгерімдерінің есебін жүргізуге;
Сыныптағы сарбаздардың аты-жөнін, туған жылдары мен ата-анасы туралы немесе олардың заңды өкілдері туралы мәліметтерді жатқа білуге және сарбаздардың жеке басының ерекшеліктерін, жетістіктерін, оқу кезіндегі жүріс тұрысын, тәртібін, денсаулығын, мінез құлқын, сұраныстарын зерттеп, бақылауға. Жеке және топтық тәрбиелік жұмыстар бойынша педагогикалық бақылау журналын жүргізіп отыруға;
Сабақтан тыс уақытта, кадет сыныбында сарбаздарға әскери-патриоттық тәрбиені бағыттауда, сапқа тұру, әскери қызмет жайында және кадеттердің өмір ұстанымын, қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын өткізіп тұру. Сарбаздармен әскери және денешынықтыру сабақтарын өткізіп, олардың болашақта арнайы мамандық таңдауына жол көрсетуге;
Сарбаздардың сыныптағы тұрмыс жағдайын бақылау, қажеттіліктерін ескеру;
Сыныптағы сарбаздардың тәртібін қатаң бақылауда ұстау, киім киісі, жүріс-тұрысы, форманы кию ережесін сақтау, аяқ киім және жеке басының гигиенасын сақтауды талап ету және қадағалауға;
Апта сайын сарбаздардың білімдері мен тәртіптері бойынша қортындылар жасап, сонымен қатар гимназияда ішкі тәртіп ережесінің сақталуын бақылайды.
Сыныпқа бөлінген территорияның тазалығын, жай күйін бақылауға;
Сарбаздарды тізім бойынша анықтап отыру және келмей қалғандарды түгендеп, себептерін анықтап отырады.
Әрдайым сарбаздарға абырой, намыс, азаматтылық, гимназия мүлкін және құралдарын сақтауды, адамгершілік қасиеттерін түсірмеуді, өзін өзі мәдениетті ұстау әдеттерін үйретуді ұйымдастырады.
Сарбаздардың сыныптағы күнделікті ережені сақтауын, гимназияға келу және қайту уақыттарын бақылауда ұстайды.
Дарынды балаларға қызығушылықтарына қатысты өй өрістерінің дамуына жағдайлар жасайды (секцияларға, байқауларға, олимпиадаларға, әр түрлі үйірмелерге) театр,экскурсия , көрмелерге баруды ұйымдастырады.
Сарбаздардың бойына қоғамдағы тарихи оқиғалардың есте сақталуын және Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуде жұмыстар атқарады.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
немесе әскери-заңгерлік білімі және осы лауазымда 1 жылдан кем емес еңбек өтілі бар адам тағайындалады
Құжаттарды қабылдау мерзімі 2022 жылғы 13 қазаннан бастап 21 қазанды қоса алғанда.
Құжаттарды қарау мерзімі 2022 жылғы 24 қазаннан бастап 2022 жылғы 28 қазанды қоса алғанда.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды: . 1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін); 3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса); 4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса); 6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама; 8) наркологиялық ұйымнан анықтама; 9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда). 10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
ҮЛГІ
Мемлекеттік білім беру | |
Нысан |
№ | Өлшемшарттар | Растайтын құжат | Балл саны (1-ден 20-ға дейін) | |
1. | Білім деңгейі | Білімі туралы диплом | Техникалық және кәсіптік = 1 Жоғары күндізгі = 5 жоғары сырттай / қашықтықтан оқыту = 2 жоғары білім туралы үздік диплом = 7 | |
2. | Ғылыми / академиялық дәрежесі | Білімі туралы диплом | Магистр немесе жоғары білімі бар маман = 5 PHD-докторы = 10 Ғылым докторы = 10 Ғылым кандидаты = 10 | |
Ұлттық біліктілік тестілеуі | Сертификат | "Педагог" біліктілік санатымен Мазмұны бойынша: 50-ден 60-қа дейін = 0 балл 60-тан 70-ке дейін = 2 балл 70-тен 80-ге дейін = 5 балл 80-нен 90-ға дейін = 6 балл Әдістеме және педагогика бойынша: 30-дан 40-қа дейін = 0 балл 40-тан 50-ге дейін = 1 балл 50-ден 60-қа дейін = 2 балл 60-тан 70-ке дейін = 3 балл "Педагог-модератор" біліктілік санатымен Мазмұны бойынша: 50-ден 60 балға дейін = 0 балл 60-тан 70 балға дейін = 3 балл 70-тен 80 балға дейін=6 балл 80-ден 90 балға дейін=7 балл Әдістеме және педагогика бойынша: 30-дан 40 балға дейін=0 балл 40-тан 50 балға дейін=2 балл 50-ден 60 балға дейін=3 балл 60-тан 70 балға дейін=4 балл "Педагог-сарапшы" біліктілік санатымен Мазмұны бойынша: 50-ден 60 балға дейін=0 балл 60-тан 70 балға дейін=4 балл 70-тен 80 балға дейін=7 балл 80-нен 90 балға дейін=8 балл Әдістеме және педагогика бойынша: 30-дан 40 балға дейін=0 балл 40-тан 50 балға дейін=3 балл 50-ден 60 балға дейін=4 балл 60-тан 70 балға дейін=5 балл "Педагог-зерттеуші" біліктілік санатымен Мазмұны бойынша: 50-ден 60 балға дейін=0 балл 60-тан 70 балға дейін- 5 балл 70-тен 80 балға дейін=8 балл 80-нен 90 балға дейін=9 балл Әдістеме және педагогика бойынша: 30-дан 40 балға дейін=0 балл 40 - тан 50 балға дейін=4 балл 50-ден 60 балға дейін=5 балл 60-тан 70 балға дейін=6 балл "Педагог-шебер" біліктілік санатымен - 10 балл | ||
3. | Біліктілігі/Санаты. | Куәлік, өзге де құжат | 2 санат-1 балл 1 санат -2 балл Жоғары санатты-3 балл Педагог-модератор-3 балл Педагог-сарапшы = 5 балл Педагог- зерттеуші = 7 балл Педагог-шебер = 10 балл | |
4. | Педагогикалық қызмет өтілі | еңбек кітапшасы / еңбек қызметін алмастыратын құжат | 1 жылдан 3 жылға дейін = 1 3 жылдан 5 жылға дейін = 1,5 5 жылдан 10 жылға дейін = 2 10 жылдан және одан артық = 3 | |
5. | Әкімшілік және әдістемелік қызмет тәжірибесі | еңбек кітапшасы / еңбек қызметін алмастыратын құжат | әдіскер= 1 балл директор орынбасары= 3 балл директор = 5 балл | |
6. | Жұмысқа алғаш кіріскен педагогтар үшін | Білім туралы дипломға қосымша | Педагогикалық/кәсіптік практика нәтижелері "өте жақсы" = 1 балл "жақсы" = 0,5 балл | |
7. | Алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныс хат (еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде) | Хат | Оң ұсыныс хаттың болуы = 3 балл Ұсыныс хат болмаған жағдайда – минус 3 балл Теріс ұсыныс хаттың болуы = минус 5 балл | |
8. | Кәсіби жетістіктердің көрсеткіштері | - білім алушылардың дипломдары, олимпиадалар мен конкурстар жеңімпаздарының грамоталары, ғылыми жобалары; - мұғалімдер мен олимпиадалар жеңімпаздарының дипломдары, грамоталары; - мемлекеттік награда | олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлері-0,5 балл ғылыми жобалар-1 балл олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлері-3 балл "Үздік педагог" конкурсының қатысушысы-1 балл "Үздік педагог" конкурсының жүлдегері – 5 балл медаль "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" - 10 | |
9. | Әдістемелік қызмет | - авторлық жұмыстар және жарияланымдар | ҚР БҒМ тізбесіне енгізілген оқулықтардың және (немесе) ОӘК авторы немесе тең авторы – 5 балл РОӘК – 2 тізбесіне енгізілген оқулықтардың және (немесе) ОӘК авторы немесе тең авторы БҒССҚЕК, Scopus – 3 тізбесіне енгізілген ғылыми-зерттеу қызметі бойынша жарияланымның болуы | |
10 | Қоғамдық-педагогикалық қызмет | - көшбасшылық - көптілділікті жүзеге асыру | тәлімгер-0,5 балл ӘБ жетекшілігі -1 балл кәсіби-педагогикалық қауымдастық көшбасшысы – 1 балл 2 тілде оқыту, орыс/қазақ – 2 балл Шетел/орыс, шетел/қазақ – 3 балл 3 тілде оқыту (қазақ, орыс, шетел) – 5 балл | |
11 | Курстық дайындық | - пәндік дайындық сертификаттары; - цифрлық сауаттылық сертификаты, ҚАЗТЕСТ, IELTS; TOEFL; DELF; Goethe Zertifikat, "Python-да бағдарламалау негіздері", "Microsoft-пен жұмыс істеуді оқыту" бағдарламалары бойынша оқыту | НЗМ ПШО, "Өрлеу" курстары – 0,5 балл курстар - 0,5 балл (әрқайсысы жеке) | |
Барлығы: | Максималды балл – 83 | |||