Вакансия. Офицер-тәрбиеші лауазымы 1,0 жүктеме.
Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы № 37 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 1,0 жүктеме офицер-тәрбиеші лауазымдық қызметіне конкурс жариялайды.
Конкурс жарияланған лауазымның атауы: Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы № 37 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі офицер-тәрбиеші лауазымы 1,0 жүктеме.
Орналасқан жері: индекс 071400 Семей қаласы, Шәкәрім даңғылы, 70, Байланыс номері: 8-722-2-52-39-70
Электрондық пошталық мекен-жай- semey_37@mail.ru;
Конкурсқа қатысуға өтінімдер беру мерзімі - конкурсқа қатысуға қажетті өтінім Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ сайттарына конкурс өткізілетіні туралы хабарлама жариялаған күннен бастап 7 жұмыс күнде жүзеге асырылады.
Лауазымдық міндеттері:
Әрдайым сарбаздардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге жағдай жасайды.
Сарбаздарға білім беру мен тәрбие берудегі тапсырмаларды, оқу жоспары, оқу бағдарламасын, оқулықтар мен оқу материалдары білуге, әрдайым педагогикалық білімін жетілдіріп отырады.
Сарбаздарға сапалы білім алуда оқытушылармен бірлесіп көмек көрсетуге, оқу үлгерімдерінің есебін жүргізуге;
Сыныптағы сарбаздардың аты-жөнін, туған жылдары мен ата-анасы туралы немесе олардың заңды өкілдері туралы мәліметтерді жатқа білуге және сарбаздардың жеке басының ерекшеліктерін, жетістіктерін, оқу кезіндегі жүріс тұрысын, тәртібін, денсаулығын, мінез құлқын, сұраныстарын зерттеп, бақылауға. Жеке және топтық тәрбиелік жұмыстар бойынша педагогикалық бақылау журналын жүргізіп отыруға;
Сабақтан тыс уақытта, кадет сыныбында сарбаздарға әскери-патриоттық тәрбиені бағыттауда, сапқа тұру, әскери қызмет жайында және кадеттердің өмір ұстанымын, қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын өткізіп тұру. Сарбаздармен әскери және денешынықтыру сабақтарын өткізіп, олардың болашақта арнайы мамандық таңдауына жол көрсетуге;
Сарбаздардың сыныптағы тұрмыс жағдайын бақылау, қажеттіліктерін ескеру;
Сыныптағы сарбаздардың тәртібін қатаң бақылауда ұстау, киім киісі, жүріс-тұрысы, форманы кию ережесін сақтау, аяқ киім және жеке басының гигиенасын сақтауды талап ету және қадағалауға;
Апта сайын сарбаздардың білімдері мен тәртіптері бойынша қортындылар жасап, сонымен қатар гимназияда ішкі тәртіп ережесінің сақталуын бақылайды.
Сыныпқа бөлінген территорияның тазалығын, жай күйін бақылауға;
Сарбаздарды тізім бойынша анықтап отыру және келмей қалғандарды түгендеп, себептерін анықтап отырады.
Әрдайым сарбаздарға абырой, намыс, азаматтылық, гимназия мүлкін және құралдарын сақтауды, адамгершілік қасиеттерін түсірмеуді, өзін өзі мәдениетті ұстау әдеттерін үйретуді ұйымдастырады.
Сарбаздардың сыныптағы күнделікті ережені сақтауын, гимназияға келу және қайту уақыттарын бақылауда ұстайды.
Дарынды балаларға қызығушылықтарына қатысты өй өрістерінің дамуына жағдайлар жасайды (секцияларға, байқауларға, олимпиадаларға, әр түрлі үйірмелерге) театр,экскурсия , көрмелерге баруды ұйымдастырады.
Сарбаздардың бойына қоғамдағы тарихи оқиғалардың есте сақталуын және Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуде жұмыстар атқарады.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
немесе әскери-заңгерлік білімі және осы лауазымда 1 жылдан кем емес еңбек өтілі бар адам тағайындалады
Құжаттарды қабылдау мерзімі 2023 жылғы 14 қарашадан бастап 2023 жылдың 22 қарашаны қоса алғанда.
Құжаттарды қарау мерзімі 2023 жылғы 23 қарашадан бастап 24 қарашаны қоса алғанда.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды: . 1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін); 3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса); 4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса); 6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама; 8) наркологиялық ұйымнан анықтама; 9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда). 10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ
_________________________________________________________________
кандидаттың Т.А.Ә. (болған жағдайда), ЖСН
(лауазымы, жұмыс орны)
Нақты тұратын жері, тіркелген мекенжайы, байланыс телефоны
Өтініш
Мені бос/уақытша бос лауазымға орналасуға арналған конкурсқа жіберуіңізді сұраймын (керегінің астын сызу керек)
білім беру ұйымдарының атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала / ауыл) Қазіргі уақытта жұмыс істеймін
лауазымы, ұйымның атауы, мекен-жайы (облыс, аудан, қала / ауыл) Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:
Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі
Оқу орнының атауы | Оқу кезеңі | Диплом бойынша мамандығы |
Біліктілік санатының болуы (берген (растаған) күні):
Педагогикалық жұмыс өтілі:
Келесі жұмыс нәтижелерім бар:
Наградалары, атақтары, дәрежесі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтері (болған жағдайда)
ҮЛГІ
Мемлекеттік білім беру | |
Нысан |
Бос немесе уақытша бос педагог лауазымына үміткердің бағалау парағы ___________________________________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
№ | Өлшемшарттар | Растайтын құжат | Балл сандары (1-ден 20-ға дейін) |
1. | Білім деңгейі | Білімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері | Техникалық және кәсіби = 1 балл Жоғары күндізгі = 2 балл Жоғары күндізгі үздік= 3 балл Магистр = 5 балл Жоғары сыртқы/қашықтан = минус 2 балл |
2. | Ғылыми/академиялық дәрежесі | Білімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері | PHD-доктор = 10 балл Ғылыми доктор = 10 балл Ғылыми кандидат = 10 балл |
3. | Жұмыс өтілі жоқ үміткерлер үшін сертификаттау | Сертификат | "Педагог" Біліктілік санаты - 5 балл |
4. | Біліктілік санаты | Жеке куәлік, басқа құжат | Екінші санат = 1 балл Бірінші санат = 2 балл Жоғары санат = 3 балл Педагог-модератор = 3 балл Педагог-сарапшы = 5 балл Педагог-зерттеуші = 7 балл Педагог-шебер = 10 балл |
5. | Әкімшілік және әдістемелік қызметтегі жұмыс тәжірибесі | Еңбек кітапшасы/еңбек қызметін растайтын басқа да құжат | Әдіскер (лауазымдық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл) = 1 балл Директордың орынбасары (лауазымдық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл) = 3 балл директор (лауазымдық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл) = 5 балл |
6. | Алғаш рет жұмысқа тұрған педагогтер үшін | Білімі туралы дипломның қосымшасы | Педагогикалық/ кәсіби тәжірибенің нәтижелері "өте жақсы" = 1 балл "жақсы" = 0,5 балл |
7. | Бұрынғы жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша) немесе оқу орнынан ұсыныс хат | Ұсыныс хат (Конкурсты өз бетінше жариялаған білім беру ұйымы соңғы жұмыс/оқу орны бойынша ұйымға/оқу мекемесіне өтініш жасайды) | Оң ұсыныс хатының болуы = 3 балл Теріс ұсыныс хатының болуы = минус 3 балл |
8. | Кәсіби жетістіктерінің көрсеткіштері | - дипломдар, білім алушылардың олимпиадалар және конкурстар, ғылыми жобалар бойынша жеңімпаздардың грамоталары; - дипломдар, мұғалімнің олимпиадалар және конкурстар жеңімпаздарының грамоталары; - мемлекеттік награда | 1) олимпиадалар және конкурстар жеңімпаздары = 0,5 балл ғылыми жобалардың = 1 балл 2) олимпиадалар және конкурстар жеңімпаздары - 3 балл "Үздік педагог" конкурсына қатысушы = 1 балл "Үздік педагог" конкурсының жеңімпазы = 5 балл "Қазақстан еңбек сіңірген ұстазы" медаль иегері = 10 балл |
9. | Әдістемелік қызметі | -авторлық шығармалары, басылымдары | ҚР БҒМ тізбесіне енген оқулықтар мен (немесе) ОӘК авторы немесе бірлескен авторы = 5 балл РОӘК тізбесіне енген оқулықтар мен (немесе) ОӘК авторы немесе бірлескен авторы = 2 балл БҒССҚЕК, Scopus тізбесіне енгізілген ғылыми-зерттеу қызметі бойынша жарияланымның болуы - 3 балл |
10. | Қоғамдық-педагогикалық қызметі | Қоғамдық-педагогикалық қызметін растайтын құжат | тәлімгер = 0,5 балл ӘБ басшылығы = 2 балл Екі тілде сабақ беру, орыс/қазақ = 2 балл шетел/орыс немесе шетел/қазақ = 3 балл, үш тілде сабақ беру (қазақ, орыс, шетел) = 5 балл |
11. | Курсқа дайындық | - пәндік дайындық сертификаттары; - цифрлық сауаттылық, КАЗТЕСТ, IELTS; TOEFL; DELF сертификаттары; Goethe Zertifikat, "Python тілінде бағдарламалау негіздері" программалары бойынша оқыту, "Microsoft" Курсера жұмыстарына оқыту Халықаралық курстар: TEFL Cambridge "CELTA (Certificate in Teaching English to Speakers of Other Languages)" CELT-P (Certificate in English Language Teaching – Primary) DELTA (Diploma in Teaching English to Speakers of Other Languages) CELT-S (Certificate in English Language Teaching – Secondary) "TKT Teaching Knowledge Test" Certificate in EMI Skills (English as a Medium of Instruction) Teacher of English to Speakers of Other Languages (TESOL) "TESOL" Certificate in teaching English for young learners International House Certificate in Teaching English as a Foreign Language (IHC) IHCYLT - International House Certificate In Teaching Young Learners and Teenagers Becoming a Better Teacher: Exploring Professional Development Assessment for Learning: Formative Assessment in Science and Maths Teaching Online Teaching for Educators: Development and Delivery Educational Management Key Ideas in Mentoring Mathematics Teachers Курсы на платформе Coursera, Futute learn Teaching Mathematics with Technology Special Educational Needs "Developing expertise in teaching chemistry " | ПШО, НЗМ, "Өрлеу" курстары = 0,5 балл Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығына сәйкес тізбеге енгізілген біліктілікті арттыру ұйымдары іске асыратын білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру курстары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30068 болып тіркелген) = 0,5 балл (әрқайсысы бойынша жеке) |
12. | Мемлекеттік білім беру гранты бойынша білім алған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының түлегі, "Дипломмен ауылға!", "Серпін" мемлекеттік бағдарламаларының қатысушысы, Жұмыспен қамту орталығы жастар тәжірибесі бойынша жіберілген педагог | Мемлекеттік білім беру гранты иегерінің сертификаты, келісім-шарты | 3 балл қосылады |
Барлығы: |