22
ноябрь
2022
#бастауышсыныпонкүндігі37гимназия
22.11.22ж күні «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ- де «Дархан даланың ұлы тұлғалары ізімен…» атты бастауыш сынып бірлестігінің онкүндігі аясында 2 «В» сыныбында «Білімділер бәйгесі» зияткерлік сайысы өтті. Сайыста оқушылар бес топқа бөлініп, «Зымыран сұрақтар», «Тапқыр болсаң, тауып көр», «Сөз ойла, көп ойла», «Ойлы болсаң, озып көр» бөлімдері бойынша сынға түсті. Оқушылар аса қызығушылықпен белсене қатысып, өз білімдерін жан-жақты көрсете білді.Сайыс қорытындысы бойынша оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды. Өткізген: Чегебаева Ү. Қ.




