04
январь
2023
4 қаңтар күні тарих бірлестігінің пән мұғалімдері "Бейсен жан болмыс" кітабы бойынша ойларын, көзқарастарын ойларын ортаға салды.
Кітапта адам болмысы қалай ашылды, оның өмірдегі мәнін қалай анықтайды деген түрлі сұрақтарға жауап берілген. Б.Құранбектің өмірінен түрлі қызықты деректер берілген. Бұл кітапты жай ғана оқып қоя салмай, ондағы айтылған ойдың астарын, салмағын түсініп, өзін тануға, Бейсенді тануға, болмысқа терең бойлауға мүмкіндік береді. Және де Бейсен Құранбектің ғибратты ғұмырындағы оқиғалар бүтін бір жас буынға тәрбие берерлік қасиетке ие деген ойдамыз.


