16
март
2023
Дуалды білім беру
Дуалды оқыту жүйесі дегеніміз - теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту технологиясы. Дуалды оқыту жүйесінің кәсіби мамандар даярлауда тиімділігі мен нәтижелілігі зор екендігі тәжірибеде дәлелденген. Қазіргі кезеңде бəсекеге қабілетті педагог кадрларды даярлау үшін педагогикалық жоғары оқу орындарында дуалды оқыту жүйесін енгізілген. Педагогикалық кадрларды дайындауда Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетімен жасалған келісім шартқа сәйкес «тарих және құқық» кафедрасының филиалы ретінде дуалды оқыту жүргізілуде. Осы оқу жылында гуманитарлық-экономика факультетінің 6B01601 - Тарих білім беру бағдарламасының 3 курс студенттерімен практикалық сабақтар өтуде. 16 наурыз қаламыздың Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің профессорі А.И Исин бастаған ұстаздары және «№ 44 ЖОББМ», «№ 8 ЖОББМ» кәсіби мамандармен дуалды оқыту бойынша кездесу болып, ұстаздар басқарма Төрағасы-ректор Б. Ердембековтің алғыс хаттарымен марапатталды. Наурыз мерекесі қарсаңында ұстаздар университет қабырғасында ашылған этномәдени кабинеттің ашылу салтанатына қатысты.
#дуалдыоқыту
#37gymnasiumsemey
#дуалдыоқыту
#37gymnasiumsemey







