29
март
2023
23 наурыз күні "Ыбырай Алтынсарин атындағы N37 гимназиясы" КММ 10 сынып оқушыларымен
қазақ тарихында ұлт тағдырын, халық қамын жете ойлаған Алаш арыстарының ерен еңбектерін үлгі етіп, жас ұрпаққа насихаттау мақсатында Алаштан шыққан тұңғыш заңгер - Бақытжан Қаратаевтың туғанына 160 жыл толуына орай тарих пәнінен бірыңғай сабағы өткізілді. Халықтың құқын қорғауда көп еңбек сіңірген Бақытжан Қаратаев, большевиктердің қазақ халқына қарсы ұйымдастырған нәубетіне, аштан қырылуына қарсы батыл үн көтерген Алаш арысы. Сабақ барысында оқушылар өз ойларымен бөлісіп, қызықты да құнды мәліметтермен танысты. Тарих пәнінің мұғалімі: Жарылгасинова Ж. Г.





