28
апрель
2024
«Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ -нің 10 «Ә» сыныбында Қазақстан тарихы пәні бойынша типологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, тарихи және мәдени ескерткіштерді классификациялау мақсатында,
«Тарихи және мәдени ескерткіштер» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақты өткізу барысында оқушылардың мотивациялық, интеллектуалдық, эмоционалдық тұстарын дамытуға бағытталған түрлі белсенді оқыту әдістері қолданылды. Оқушылардың оқу-танымдық белсенділіктерін арттыру бағытында жеке, жұптық, және топтық жұмыстар ұйымдастырылды. «5 R» Стратегиясы» әдісін қолдану аясында Қазақстандағы мәдени және тарихи стратегиялардың маңыздылығы талданды. «Сокралды Қазақстан» тарихи орындары мен ескерткіштерін «Креативті матрица» әдісі негізінде классификациялауға бағытталған тапсырмалар орындалды. Оқушылар сабақтың барлық кезеңдеріне белсенді қатысып, өз білімдерін ортаға салды.
Тарих пәнінің мұғалімі: Оразалин Қуат Аманжолович
Тарих пәнінің мұғалімі: Оразалин Қуат Аманжолович




