30
апрель
2024
2024 жылдың 30 сәуірі күні “ Ыбырай Алтынсарин атындағы N 37 гимназиясы” КММ -нің базасында,
гимназияның тарих пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Жарылгасинова Жанаргуль Газизовна және “Т.Аманов атындағы N 16 мектебі” КММ-нің тарих пәні мұғалімі , педагог-сарапшы Байгельдина Мөлдір Төлеуқоңыровна қазақстан тарихы пәні бойынша 8 “ Г” сыныбында “Қазақстан - майдан арсеналы” тақырыбында облыстық кіріктірілген ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Қазақстан экономикасының соғыс жағдайларына бейімделгендігін дәлелдеу.
Сабақ процесі тарих және құқық негіздерін оқыту барысында қолданылатын инновациялық әдістер арқылы жүргізілді. Quiz”, “Суреттер сөйлейді”, “Wordwall”, Постер қорғау, “Quest” сынды инновациялық әдіс-тәсілдер сабақты меңгертуге, тапсырмаларды тиянақты орындауға, оқушының қызығушылықпен шығармашылық жұмыс жасауына өте тиімді. Сабақ барысында балалар өз ойларын еркін әрі толық ортаға салып, сабақ материалын толық меңгерді. Ашық сабаққа “Өрлеу” БАҰО” АҚ ШҚО бойынша кәсіби даму институтының аға оқытушысы- Бексолтанова Толкын Толеубековна және Ыбырай Алтынсарин атындағы N37 гимназиясы” КММ директорының бағдарлы оқыту бойынша орынбасары -Жумаксанова Гүлназ Муратовна келген қонақтарға жылы лебізін білдірді, Семей қаласы,Өскемен, Абай, Мақаншы, Үржар, Бесқарағайдан келген мұғалімдер де сабаққа ризашылықтарын білдіріп,өз қоржындарына көптеген жаңашылдықты алып бара жатқандарын айтып, сабаққа жоғарғы бағаларын берді.
Тарих пәнінің мұғалімі: Жарылгасинова Жанаргуль Газизовна.