Жолдау




2020 жыл 05 қыркүйек күні № 37 гимназия ұжымы Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына 2020 жылғы 1 қыркүйектегі жолдаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауына арналған жиналыс болып өтті.
Тарих пәнінің мұғалімі Қ.Абсеметова Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған Жолдауымен таныстырды.
Жолдау «Мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісі», «Жаңа жағдайдағы экономикалық даму», «Теңгерімді аумақтық даму», «Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты – басты басымдық»,«Қолжетімді әрі сапалы білім»,«Денсаулық сақтау саласын дамыту», «Цифрландыру – барлық реформаның негізгі элементі» сияқты тараулардан тұратындығы айтылды.
Жарыс сөзде сөйлеген тарих пәнінің мұғаліміС.Ә.Ақатаев:
Жолдауда Қасым-Жомарт Тоқаев маңызды мәселелердің басын қайырып, бірқатар өзгерістер жайында хабардар етті. Мәселен, 2021 жылдың қаңтарынан бастап мұғалімдердің еңбекақысы 25 пайызға көбейеді,- деді.
- 2023 жылға қарай дәрігерлердің еңбекақысы орташа жалақыдан екі есе артық болады.
⠀-Онлайн петиция іске қосылып, ел азаматтары өзекті тақырыптарды көтере алады.
- 2020 жылы мемлекеттік қызметкерлер саны 10%-ға, 2021 жылы 15%-ға қысқартылады. Үнемделген қаржы есебінен мемлекеттік қызметкерлер жалақысы өседі.
- Жер шетелдіктерге сатылмайды.
- Пандемия кезінде зардап шеккен шағын және орта бизнеске субсидия беріледі. Осы мақсатта бюджеттен 200 млрд теңге бөлінеді.
- Жолдауда толыққанды оқу үдерісі үшін қажетті барлық функциясы бар бірыңғай онлайн білім беру платформасын шұғыл әзірлеуді, санитарлық талаптарды сақтай отырып, білім алудың қалыптасқан дәстүрлі тәсілін енгізуді тапсырды.
Гимназия директоры Ж.З. Малгаждарова қортынды сөзінде президент жолдауының аса маңыздылығын айта келе, Президенттің елге айтқан маңызды 7 қағиданы атады. Игіліктер мен міндеттерді әділ бөлу; адами капиталды дамыту, жаңа үлгідегі білім беруге инвестициялар, экономиканы өркендету, қоршаған ортаны қорғау, мемлекеттің негізделген шешімдер қабылдауы және олар үшін қоғам алдындағы жауапкершілігі.
Әрқайсымыз өз ісімізде, кәсібімізде, қоғамымызда, тіпті отбасымызда өзімізге жүктелген жауапкершілік жүгін көтеріп, алға басар қадамды әділдікке негіздеу керектігімізді жеткізді.Биік мұратқа жетелейтін еңбек деген ұлы ұғымды әр азаматтың санасына сіңіргеніміз жөн. Біздің елімізде «Жауапты мемлекет – жауапты қоғам – жауапты адам» жүйесі берік орнығуы керек.