"Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің"
"Ыбырай Алтынсарин атындағы
№37 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 52-39-70
Нашар көрушілер
нұсқасы

«Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Гимназия № 37 имени Ыбырая Алтынсарина"

» » » «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназияcы» КММ-де сәуірдің 21-і күні академик Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева атындағы атаулы зертхананың 10 жылдығына орай
22
апрель
2023

«Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназияcы» КММ-де сәуірдің 21-і күні академик Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева атындағы атаулы зертхананың 10 жылдығына орай

«Ұстаздықтың сөнбес жарық жұлдызы, ұлт ұстазы- Қанипа Бітібаева» аймақтық  семинары өтті. «Қ.О.Бітібаеваның әдебиетті оқытуда инновациялық технологиялары арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу» бөлімінде «Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясы» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Толеуконырова Жупар Тлеубековна  «Білім сапасын арттыруда  заманауи білім трендтерінің маңызы» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді. Шеберлік сыныпқа Абай облысы мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты. Қатысушылар Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұхтар Әуезовтің   қанатты сөздерін таңдау арқылы командаларға бөлініп отырды. Шеберлік сынып барысында «Табысты мектеп қандай болуы керек?, «Командалық жұмыс арқылы білім сапасын қалай арттыруға болады?», «Білім саласындағы бренд, тренд дегенді қалай түсінеміз?», деген сұрақтарға ой тастау арқылы командалық жұмыстар жүргізіліп,  «Х,Y,Z,АЛЬФА ұрпақтар» туралы ой бөлісті. Шеберлік сыныпқа қатысушы ұстаздар командасымен «Табысты команда» ойыны арқылы ұстаздардың тобынан құралған командаларда бірлескен жұмыс жүргізілді. Шеберлік сынып соңында «Диалог алаңы» әдісі негізінде «Мектепті оқушылар мен ата-аналар, мектеп ұжымы үшін қалай табысты және тартымды етуге болады?» сұрақ – жауап арқылы кері байланыс жасалып, ұстаздар қауымы шеберлік сынып жұмысына өз бағаларын берді.






Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив