19
октябрь
2022
“Оқуға құштар мектеп,оқуға құштар ұлт” жобасы. Балалар жылы.
25-қазан Республика күніне орай гимназия кітапханасында 5-сынып оқушыларына еліміздің географиялық жағдайымен, Қазақстанның табиғи аймақтарымен, жануарлар әлемімен, жер қойнауының бай қорларымен, өзен-көлдерімен,тауларымен және атақты қорықтарымен, тарихи ескерткіштерімен, ірі қалаларымен, сондай-ақ республика халқының тұрмысымен және мәдениетімен таныстыратын Қазақстан елімен сиқырлы саяхат кітабының тусаукесер таныстырылымы өтті. Пән мұғалімі Ш.М. Нурғамысовамен бірлесіп “Шамшырақ” кітапсүйерлер клубының мүшелері Увалиева Азалия, Адилбекова Алуа, Рымқанова Мөлдір, Сафуан Сұлтан кітапты алдын ала оқып, шағын көрініс арқылы кітап мазмұнын ашып берді. Кітап тарауларымен кітапханашы Оралбүбі Мамиевна таныстырды. Соңында оқушылар Қазақстан елімен сиқырлы саяхат-ойынын ойнап, сұрақтарға жауап берді.
ссылка1
ссылка1