21
ноябрь
2022
Бүгін 21.11.2022ж. “Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы” КММ-нің кәсіптік бағдар беру маманы және мектеп дәрігері бірлескен қызмет негізінде
Семей Медицина Университетінің наркология және психология кафедрасының нарколог-дәрігері Шаймарданов Ержан Кұбайдоллаұлымен кездесу өткізді. Кездесу мақсаты: 9 сынып оқушыларына есірткі, психотропты заттар, сонымен қатар алкогольді сусындарды тұтыну және оның адам ағзасына қаншалықты зиян екенін түсіндіру. Дәрігер мамандығы жайлы ақпарат беру. Кездесу барысында наркология және психология кафедрасының нарколог-дәрігері мен студенті “Нашақорлыққа жол жоқ” тақырыбында оқушыларға дәріс оқыды. Дәріс соңында оқушылар кері байланыс жасап, сұрақтарына жауап алды, алғыстарын білдірді.
@semeymedicaluniversity #профориентационнаяработа ссылка1