24
май
2024
2024 жылдың 23 мамырында 2-ауысымда «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ-де дарынды оқушыларға қолдау көрсету, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында «Гимназия шеруі-2024» жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.
Шеруге жалпы саны 53 оқушы қатысты. Ғылыми жобалар сайысының, жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадалардың, спорттық сайыстардың, шығармашылық сайыстардың халықаралық, республикалық кезеңінің жүлдегерлері атанған 28 оқушыға «Гимназия мақтанышы-2024», облыстық кезеңнің жүлдегерлері 25 оқушы «Жеңімпаз-2024» медалімен марапатталды. Жеңімпаздарға медальді АРДАГЕР ҰСТАЗДАР табыстап, жылы лебіздерін білдірді.
ссылка1
ссылка1
